Пай­ғам­бар­лар­ға иман
Пай­ғам­бар­лар­ға иман
2 жыл бұрын 945
Қайрат Жолдыбайұлы

Пай­ғам­бар­лар­ға иман – Ис­лам ді­нін­де­гі иман не­гіз­де­рі­нің бі­рі. Пай­ғам­бар­лар­ға иман ету – олар­дың Ұлы Жара­ту­шы та­ра­пы­нан ар­найы таң­да­лып, ел­ші етіп жі­бе­ріл­ген­дік­те­рі­не жә­не олар­дың жет­кіз­ген бар­лық ха­бар­ла­ры­на кү­дік­сіз се­ну де­ген сөз. Алла Та­ға­ла мұ­сыл­ман­дар­ға жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен бар­лық пай­ғам­бар­лар­ға иман ету­ді бұй­ыра­ды.Яғ­ни, Құ­ран­да аты ай­тыл­ған пай­ғам­бар­лар­дың кей­бі­реуіне иман етіп, кей­бі­реуіне сен­беуге қа­таң тый­ым са­лы­на­ды. Біз, мұ­сыл­ман­дар, өзі­міз­дің соң­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­тің (с.а.у.) Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген арнайы ел­ші еке­ні­не қа­лай иман келтір­сек, бас­қа пай­ғам­бар­лар­ға да дәл со­лай иман келтіре­міз. Құ­ран­да:

وَمَن يَكْفُرْبِاللّهِ وَمَلاَئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَقَدْ ضَلَّضَلاَلاً بَعِيداً

«Кім­де-кім Аллаға жә­не Оның пе­ріш­те­ле­рі­не, кі­тап­та­ры­на, пай­ғам­бар­ла­ры­на жә­не ақы­рет кү­ні­не иман келтірмесе, қат­ты ада­са­ды...»,[1] - де­лі­не­ді

Жер бе­тін нұр­лан­ды­рып, адам­зат­қа ту­ра жол­ды нұс­қап, ақи­қат пер­де­сін ашып, екі дү­ние ба­қы­тын көр­се­ту үшін Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген жал­пы пай­ғам­бар­лар­дың то­лық әрі нақ­ты са­ны бір Аллаға мә­лім. Құ­ран­да тек жиыр­ма бе­сі­нің аты атал­ған. Құ­ран­да есі­мі көр­се­тіл­ген Узайр, Луқ­ман, Зул­қар­найн ат­ты үш кісінің пай­ғам­бар ­яки үл­кен әулие екен­ді­гі жай­лы ғұ­ла­ма­лар­дың ара­сын­да әр түр­лі пі­кір бар.

Жер бетіне жіберілген бар­лық пай­ғам­бар­лар ар­найы бір қауым­ға бел­гі­лі бір уа­қыт үшін ға­на кел­се, әз елші Мұхаммед (с.а.у.) қия­мет­ке дейін­гі бар­лық адам­зат­ үшін ақыр­ғы пай­ғам­бар ретінде жі­бе­рі­луі­мен ерек­ше­ле­не­ді. Ол (с.а.у.) өзі­не дейін­гі бар­лық пай­ғам­бар­лар­дың ерек­ше­лік­те­рі мен мәр­те­бе­ле­рі­не ие бол­са, Оның (с.а.у.) алып кел­ген ис­лам ді­ні ал­дың­ғы бар­лық дін­дер­дің мән-маз­мұ­нын қам­ти­ды. Пай­ғам­бар­лық мін­де­ті оның елшілігі­мен нүк­те­лен­ген­дік­тен одан кейін еш­бір пайғамбар кел­мек емес. Алла Ел­ші­сі (с.а.у.) кел­ген­нен кейін барлық пай­ғам­бар­лар­дың алып кел­ген дін­де­рі­нің үкі­мі тоқ­та­ды.

 

ҚҰ­РАН­ДА АТЫ АТАЛ­ҒАН ПАЙ­ҒАМ­БАР­ЛАР­

 

1.Адам (а.с.)

2.Ид­рис (а.с.)

3.Нух (а.с.)

4.Һуд (а.с.)

5.Са­лих (а.с.)

6.Иб­ра­һим (а.с.)

7.Лут (а.с.)

8.Ис­майл (а.с.)

9.Ис­хақ (а.с.)

10.Шу­ғайб (а.с.)

11.Яқуб (а.с.)

12.Юсуф (а.с.)

13.Әйюб (а.с.)

14. Зул­кифл (а.с.)

15. Юнус (а.с.)

16. Мұ­са (а.с.)

17. Һа­рун (а.с.)

18. Иляс (а.с.)

19. Әлиаса' (а.с.)

20. Дәуід (а.с.)

21. Сү­лей­мен (а.с.)

22. Зә­ка­рия (а.с.)

23. Иахия (а.с.)

24. Иса (а.с.)

25. Мұхаммед (с.а.у.)



[1] Ни­са сү­ре­сі/136.

0 пікір