Тақ
Тақ
2 жыл бұрын 2215

Бәхлүл Дана – халифа Харұн Рашидтың ақылшысы еді. Бірде ордаға келсе, халифа сол күні орнында жоқ екен. Тағы бос тұрыпты. Бәхлүл дереу барып таққа отырады. Бұны байқап қалған күзетшілер жүгіріп барып, оны тақтан түсіріп, тиісті жазасын да беріпті.  

Біршама уақыттан кейін халифа келіпті. Қараса, Бәхлүл жылап отыр. Неге жылағанын сұрағанда, өзінен жауап болмаған соң күзетшілері түсіндіріпті. «Уа, мүминдердің әміршісі, бұл кісі сіз жоқта тағыңызға отырып алыпты. Түсірдік те, сабақ болсын деп, бір-екі рет сабап алдық» дейді. Осы кезде Бәхлүл сөзге араласып халифаға былай дейді: «Жоқ, ол үшін жыламаймын. Сені ойлап жылаймын. Мен өмірімде бір-ақ рет таққа отырғаным үшін таяқ жедім. Сен сол тақта күнде отырасың. Алда қандай таяқ жейтініңді кім білсін?!»

0 пікір