Неге жыладыңыз?
Неге жыладыңыз?
9 жыл бұрын 4537

Мәулана Руми әдемі дауыспен Құран оқыған хафызды естігенде, көңілі босап жылады. Осы кезде есінеп, алақанымен аузын жапқан әлдекім Мәулананың көзіндегі жасты көріп түсінбей: «Неге жыладыңыз? Жылайтындай бір нәрсе болды ма?» - деп сұрады. Мәулана ұйқылы кісіге ескертейін дегендей: «Мен хафыздардың Құран оқыған әуезді дауысын жұмақ есігінің ашылған дыбысы секілді қабылдадым, сол үшін» деді. Тағы есінеген әлгі кісі басын шайқап: «Мен де солай қабылдадым» дей салды. Мәулана ұйқысы келіп отырған кісіге арадағы айырмашылықты білдіру қажет деп санады. Сөйтті де: «Сен естіген дыбыс жұмақ есігінің ашылуы емес, жабылу кезіндегі дыбыс болса керек. Өйткені ашылғандағы дыбыс адамның көңілін босатады, ал жабылған кездегі дыбыс адамның ұйқысын келтіреді» деді. Сол-ақ екен әлгі кісінің ұйқысы қашып, көзі шайдай ашылды...

 

Әдеп

Әйгілі Лұқпан хәкім: «Сіз әдептілікті кімнен үйрендіңіз?» - деп сұрағандарға: «Әдепсіздерден», - деп жауап береді екен.

0 пікір