Хәкімдердің сөзінен: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы».
Хәкімдердің сөзінен: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы».
4 ай бұрын 1601

Хәкімдердің кейбірі айтқан: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы және төрт жерде бой көрсетеді:

  1. Алланың ризалығы бойсұнушылықта жасырулы және жомарт кісілердің үйінде бой көрсетеді.
  2. Алланың ашуы қателіктер мен күнәларда жасырулы және сараң адамдардың үйінде бой көрсетеді.
  3. Тұрмыстың кеңшілігі, молшылық сауапты істерде жасырулы және намаз оқушылардың үйінде бой көрсетеді.
  4. Тұрмыстың таршылығы - харам істерде жасырулы және намазға немқұрайлылық танытатын үйлерде бой көрсетеді». 

Хәкімдердің біріне бір кісі өсиет айтуын сұрайды, сонда хәкім оған былай деп өсиет айтады:

  1. Раббыңа қиянат жасама.
  2. Адамдарға қиянат жасама.
  3. Өзіңе қиянат жасама.
  • Раббыңа қиянат жасауың - Раббыңнан өзгеге табынуың.
  • Адамдарға қиянат жасауың - оларды өзгелердің алдында жамандауың.
  • Өзіңе қиянат жасауың - Алланың парыз еткендеріне немқұрайдылық танытуың1. 

1  «Тәнбиһуль Ғофилин».

0 пікір