«Атымтайды жалғыз емізсем жылайтын»: Атымтай жомарт қайтыс болғанда анасының айтқаны
«Атымтайды жалғыз емізсем жылайтын»: Атымтай жомарт қайтыс болғанда анасының айтқаны
10 ай бұрын 9298

Ертеде Атымтай есімді бір жомарт жан өмір кешкен. Аса жомарт болғаны себепті жұрт оны «Атымтай жомарт» деп атап кеткен. Атымтайдың түпнұсқадағы есімі «Хәтим Тай» (حاتم الطائي). Ұлты - араб. Шамамен 6-7 ғасырларда өмір кешкен тұлға. Оның жомарттығы ел аузында дастанға айналып, түрлі аңыз-әңгімелер ауыздан-ауызға, елден-елге тарап отырған. Сондай аңыз әңгімелердің бірін бүгін сіздермен бөлісе отыралық дедік. Аңыз да болса, тәрбиелік мәні бар дүние екендігі сөзсіз.


 Аңызға қарағанда Атым Тай (Атымтай) қайтыс болғанда бауыры қайғырып отырған анасына келіп:

- «Анашым, жыламаңыз. Атымтай өлсе, мен бармын. Мен Атымтайдың орнын басамын!» - деп, анасына басу айтыпты.

Сонда анасы оған:

-«Жоқ. Атымтайдың орнын ешқашан баса алмайсың! - депті.

Бауыры:

- «О, неге? Екеуміз де, бір анадан, бір әкеден тудық емес пе?» деп сұраса, анасы:

- «Сәби кезіңде сені емізерде, егер сенімен бірге басқа біреуді емізсем, сен жылайтынсың. Ал Атымтай болса жалғыз еміссем жылайтын» - депті анасы. Сөйткен баладан аты аңызға айналар "Атымтай" деген жомарт тұлға өсіп жетілген.

Қазақта «болар бала боғынан» деген аталы сөз бар. Баланың болашақта қандай боларын кішкене күнінен байқауға болады. Сондықтан да, балаларымыздың жақсы тұстарын байқасақ онысын мақтап, ал жаман тұстарын байқасақ онысынан тыйып отыруымыз жөн екен. Кішкене күнінде алған тәрбиесі бойына сіңіп, өскенде соған қарай қалыптасатыны анық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір асыл сөзінде: «Әкенің баласына қалдыратын ең асыл мұрасы - тәрбиесі!» деген1. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 


1Хикаяның негізі араб тілді интернет рессурстарынан алынды.

0 пікір