Алаламау
Алаламау
2 жыл бұрын 1862

Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) әкесі, яғни, хазіреті Бәшир (екеуі де Бәдір соғысына қатысқан мұсылмандар еді)  бір күні келіп:

- Уа, Алланың елшісі, өзге балаларым да бар. Бірақ, Нұғманым бір төбе. Рұқсат етсең, дүние мүлкімнің мұнша бөлігін Нұғманға бергім келеді.

Хазірет Расулалла (с.а.у.) сонда:

- Өзге ұлдарыңа да сол мөлшерде бердің бе?- деп сұрады. Бәшир:

- Жоқ, деді.

Алла елшісі (с.а.у.) жалпыға қатысты ете отырып былай деді:

- Алладан қорқыңыз және балаларыңызбен әділ қатынас жасаңыз - деді. Содан кейін Бәширге қарап:

- Сізге балаларыңыздың бірдей құрмет көрсетуін қалайсыз ба? – деді.

Бәшир:

- Иә, қалаймын – деді.

Олай болса, бұлай жасамаңыз (яғни, әділ болыңыз), – деп балалардың арасын алаламау керектігін ескертті. 

0 пікір