Сәләфилердің пір тұтар ұстаздарының бірі Ибн Бәздің адастырар тұжырымдары
Сәләфилердің пір тұтар ұстаздарының бірі Ибн Бәздің адастырар тұжырымдары
10 жыл бұрын 10253
Абдусамат Қасым

1-Сурет. Ибн Бәздің Имам Нәуәуи мен Ибн Хаджар жайында айтқаны

1- сурет.

Сауал қоюшы:
- Кейбір адамдар: "Имам Нәуәуидің және Ибн Хәджардың кітаптарынан сақтаныңдар, ол екеуі "Әһли сүннет" жолында емес" деп жатады. Расында да солай ма?

Ибн Бəз:
-Олардың Алланың сипаты жайында қателескен тұстары бар. Яғни, Имам Нәуәуи, Ибн Хаджар және басқа да бір топ адамдарды айтып отырмын. Олардың қателескен тұстары бар. Сол қателескен тұстарында олар Әһли сүннеттен деп есептелмейді. Бірақ, олар және сол сияқты қателікке бой алдырғандар  (ғалымдар) дұрыс айтып, "БҰРМАЛАМАҒАН" жерлерінде Әһли сүннеттен деп есептеледі.

"Пәтуалар мен әртүрлі тақырыпта жазылған мақалалар жинағы"
Автор - Абдульазиз ибн Абдуллаһ ибн Баз.

Алдыңғы буын Ислам ғұламаларының сеніміне сын айтып, оны қатеге шығару - Уахабистердің шығарған бүліктерінің бірі болып табылады. Бұған жоғарыдағы сөзі дәлел.

2-Сурет. Ибн Бәздің Алла тағаланың бес саусағы бар деп айтқаны жайында

2-сурет.

- Мен ұстазымнан Алла тағаланың "саусағына" қатысты айтылған хадис жайында былай деп сұрадым: "Хадистегі айтылған "саусақ" сандық тұрғыда ма? Яғни, Саусақтары бесеу ме?"

Жауап:
Иә! Неге десеңіз, "саусақтары" барлық жаратылысты қапсыра ұстап тұр. (Мұндағы айтпағы: қапсыра ұстаған саусақ бесеу болуы тиіс. Басқаша айтар болсақ, қапсыра ұстағанына қарағанда, оны бесеу деуге негіз бар. Барлық жаратылыстардың тағдыры Оның саусағында. Қалай қаласа солай жасайды. аудармашы.). 

"Мәсәилу әл-Имами Ибн Бәз" 

Аталмыш кісі хадисті сөзбе-сөз тура мағынасында алып: "Алланың бес саусағы бар, саусақтары барлық жаратылыстарды қапсыра ұстап тұр", - дей келе хадистегі "саусақ" сөзін: "адамдар секілді жаратушы Иеміздің де бес саусағы бар"  деп түсіндірген. Бұл тұжырым Құрандағы "Аллаға еш нәрсе ұқсамайды" деген аятқа теріс. Ол кісі Исламдағы "таухид" сенімінің мызғымас негізі болып табылатын әлгі аятты ескермеген секілді. 

Сурет Рустам Садуевтің "ФБ" парақшасынан алынды.
Арапша мәтінін аударып, түсіндірме жасаған - Абдусамат Қасым.

4 пікір
  • Бұны қарапайым халық түсінбейдігой әсіресе дінге жаңа келіп жатқандар...
    10 жыл бұрын
    • Қанат, олай деме... Білмеу немесе түсінбеу -үзір емес...Мұсылман адам білуі керек мәселе ғой бұл.Халық оқысын,ізденсін,білсін.Исламның негізі-ақида...Ақидадан адастырмасын тек Аллаһым...Әмин
      10 жыл бұрын
  • Ия расында Аллаһ Тағалаға жаратылған нарсесинен сипатын беру әри ол нарсеге ұқсату ол нағыз купирлик болып саналады жане диннен шыгыуына әкеп согатын тұжырымдардың бірі. Бұны биз еш уақытта ұмытпауымыз қажет ағайн, достар. Оған далел жоғарыдағы келтірілген аят мысал болад.
    10 жыл бұрын
  • Сәләфилер деген кімдер екен? Түсіндіріп бересізба!
    9 жыл бұрын