Қытайдың қалқымалы атом электр стансасы оңтүстік Қытай теңізі аймағына қауіп төндіреді
Қытайдың қалқымалы атом электр стансасы оңтүстік Қытай теңізі аймағына қауіп төндіреді
16 күн бұрын 506 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: U.S. Navy / Reuters

Америка құрама штаттарының әскери-теңіз күштерінің адмиралы Жон Акилино Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аумақтардағы әскери нысандарды қуаттандыруға мүмкіндік беретін қалқымалы электр стансаларының жобасын аяқтауға жақын қалғанын хабарлады.  Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Washington Post мерзімді басылымына жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қытайдың қалқымалы атом электр стансасы аймақтағы барлық ел үшін ықтимал салдарға әкелуі мүмкін», деп мәлімдеді адмерикалық адмирал. АҚШ мемлекеттік департаментіндегі тағы бір дереккөз «аталған өңірдегі бұрыннан келе жатқан аумақтық және теңіз шекарасына қатысты дау-дамайдың барын» алға тарта келе мұндай қалқымалы электр стансалары Қытайға Американың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерді бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, осыған ұқсас жоспарларды жүзеге асыру үшін Бейжіңге бірнеше жыл қажет.

 

0 пікір
Мұрағат