Шетелдік азаматтарды аңдуға қатысты заңның мерзімін ұзартты
Шетелдік азаматтарды аңдуға қатысты заңның мерзімін ұзартты
12 күн бұрын 304 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Leah Millis / Reuters

Америка құрама штаттарының сенаты америкалық арнайы қызметке шетелдік азаматтарды ел аумағынан тысқары жерде электронды жолмен аңдуға мүмкіндік беретін федералды 702 заңының мерзімін ұзартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жейк Саллиба мәлімдемесіне жөн сілтеген  lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңның қолданылу мерзімі сәуір айының 19-ы күні аяқталған болатын. Сенатқа дейін өкілдер палатасы заңның мерзімін екі жылға ұзартуды мақұлдаған еді. Енді парламентшілер мақұлдаған құжатқа АҚШ президенті Жон Байден қол қоюы тиіс. Заң мерзімін ұзратудағы мақсат лаңкестік қауіптің жолын кесуге саяды.

0 пікір
Мұрағат