Қытай ғалымдары полиэтиленді жанар-жағармайға айналдырды
Қытай ғалымдары полиэтиленді жанар-жағармайға айналдырды
11 күн бұрын 589 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың жетекші химиктері жоғары тығыздықтағы полиэтиленді деполимеризациялау (бөлшектеу) катализаторы (реакцияны тездететін химиялық зат ретінде ұғыллады – ред.) ретінде кеуекті цеолитті сәтті қолдана алған. Бұл жайында islam.kz порталы N + 1 ақпарат көзіне және Nature Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде  полиэтиленнен жоғары октандық саны 88 болатын тармақталған алкандардың (Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер – Уикипедия электронды энциклопедиядан) қоспаларын алуда, сонымен қатар, деполимерлену процесін зерттеуде пайдалануға болады. Аталмыш әдістің ең басты артықшылығы қосымша реагенттерді (Реагент - реакция орын алса, химиялық реакция немесе сынау тудыратын жүйеге қосылған қоспа немесе қоспасы. Реагент реакцияның пайда болуына себеп болатын нақты химиялық зат бар-жоқтығын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін - kk.eferrit.com дерек көзінен) мейлінше аз қолдануында жатыр. Полиэтилен – бірыңңғай байланыс арқылы қосылған көміртегі атомдарының ұзын тізбегінен тұратын полимер. Ол мықтылығына әрі түрлі химиялық әсерлерге төзімділік танытуына байланысты орау немесе қаптау материалдарын өндіруде кеңінен қолданылады. Қарапайым полиэтилен бейорганикалық қышқылдармен және сілтілермен әрекеттеспейді. Бүгінгі таңда дүниежүзілік химия өнеркәсібі жылына 100 миллион тоннаға жуық полиэтилен өндіреді. Сондықтан оны тиімді өңдеу тәсілдерін іздестіру ғылыми қоғамдастықтың маңызды міндетіне кірген. Қытай ғылым академиясының химия институтының Хан Бусин бастаған ғалымдар тобы полиэтиленді тармақталған алкандар қоспасына айналдыру үшін LSP-Z100 кеуекті цеолиті арқылы инновациялық шешім ойлап тапты. Алынған өнімді автокөлік отыны ретінде сәтті пайдалануға болады, бұл пластик қалдықтарын қайта өңдеу саласын жаңа белеске көтереді.

Ұқсас материал:

«Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastik-paketten-ekologiyalyq-dizeldi-otyn-alyndy-16118/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат