Түркістан өлкесінде уранның ірі кен орны табылды
Түркістан өлкесінде уранның ірі кен орны табылды
5 ай бұрын 1098 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: kazatomprom.kz

Алдын ала жүргізілген есеп бойынша болжанған ресурс қоры 30 мың тонна металл. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шілде айының 25-і күні Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысындағы Жалпақ кен орнының «Шығыс» учаскесінде уран барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын алғанын хабарлады. Аталмыш компанияның хабарлауынша, бұл аймақта «Қазатомөнеркәсіптің» жеке қаражаты есебінен іздеу жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде уран ресурстары P1 және P2 санаттары бойынша анықталған. Компания уран ресурстарын С2 және С1 санаттарындағы қорға айналдыру үшін барлау жұмыстарын жалғастыруы мүмкін. Осы зерттеулердің нәтижесі негізінде учаскедегі нақтырақ уран қоры туралы деректер алынады. «Қазатомөнеркәсіп» кейін мемлекеттік балансқа алынатын уран қорына қатысты 6 жыл қатарынан барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат