Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ПЕТРОПАВЛ Қ.: «FORMSAN» ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Петропавл қаласындағы «Formsan» тағамдық қоспалары «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Мақсат Аманжолов табыстады.
«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар –тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. «Formsan» тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін ғана «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді өкіліміз.
«Formsan» тағамдық қоспаларына берілген халал сертификаты 12.04.2024-11.04.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ярослав Гашек көшесі, 26.
«САДЧИКОВСКОЕ» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қостанай облысында орналасқан ең ірі сүт фабрикаларының бірі – «Садчиковское» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Кәсіпорын күніне екі мың тоннадан аса сүт өнімдерін өндіруге қауқарлы. Сертификаттау барасында сүт фабрикасында аудит жұмыстары жүргізіліп, мамандар толыққанды тексеріс шараларын орындады. Аудит кезінде өндірісте қолданылатын шикізаттар, тағамдық қоспалар, өндірістік құрал-жабдықтар, тасымалдау техникалары тексерілді. Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы қаптамалар қолданылатыны анықталды. Өндірістің барлық процессінде халал стандарт талаптары сақталған және өнімдер жоғары сапада өндірілуде. Сонымен қатар, мал баптау алаңы, малдың жем-азығы да тексерілді», – дейді жауапты Айбек Асқарбекұлы.