Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
6 ай бұрын 533 halaldamu.kz
«ЭМИЛЬ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Еліміздегі ең ірі сүт өнімдерін өндіруші «Эмиль» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Отандық ірі кәсіпорынның халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткеніне қуаныштымыз. Бұл – халық игілігі, халалдың тұтынушылары үшін атқарылған игі іс. Бүгін, бірнеше айға созылған сертификаттау шаралары өз мәресіне жетіп, сертификат табыстап отырмыз. Алла кәсіптеріңізге береке берсін! «Эмильдің» халыққа берер халал өнімі таусылмасын!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына ризашылығын білдірді.

«Эмиль» 1993 жылы құрылған сүт өнімдерін өңдеу және өндірумен айналысатын 30 жылдық тарихы бар ірі кәсіпорын. Сүт, қаймақ, айран, ірімшік, май секілді 120-дан астам өнім түрлері сертификатталды. Кәсіпорын көлемі ауқымды және өнім түрлері мол болғандықтан сертификаттау жұмыстары бірнеше айға созылды. Мамандар тарапынан бірнеше мәрте аудит жұмыстары орындалып, қажетті өнімдері лабораториялық сынамадан өткізілді. Барлық атқарылған шаралар оң нәтиже көрсетті», – деп хабарлайды жауапты технолог Мейіржан Бауыржанұлы.

«Эмиль» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 23.05.2024-22.05.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 5.

 

«АЙМАР ҚҰС» ЖҰМЫРТҚАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкент қаласындағы «Аймар құс» жұмыртқа өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Сарыбаев Қазыбек табыстады. Сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін аталған жұмыртқа өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау» стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Құс фабрикасында жүргізілген аудит барысында құстардың жем-азығынан бастап, дайын өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау процесстері толықтай тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

«Аймар құс» кәсіпорнының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Базарқақпа 7/2.

ПАВЛОДАР: «КРЕНДЕЛЬ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Павлодар облысындағы ірі кондитерлік өндіріс орындарының бірі – «Крендель» кәсіпорны сертификатталды. Сертификатты облыстың өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы табыстап, «Крендель» кәсіпорнының басшысы Мәдина Тоғжанқызына алғысын білдірді.

«Крендель» кәсіпорны – кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, нанның түрлі түрлерін дайындайды. Қазіргі таңда өңірдегі жылдам қарқынмен дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Сертификаттау барысында өндіріс аумағында аудит жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тазалығы, өндірістік құрал-жабдықтардың стандартқа сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды маманымыз.

«Крендель» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 29.05.24-28.05.25 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115.

ЖАМБЫЛДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Жамбыл облысына іс-сапары барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, бірқатар кәсіпкерлерге сертификат табыстады. Атап айтқанда, «Қыдырбаев» шұжық өнімдері, «Пышка» және «Сайдазимов» жартылай фабрикаттар өндіруші кәсіпорындардың сертификаттары жаңартылды.

«Хақ Тағала бекіткен халал жолында қызмет ету – сіз бен біздің ортақ мұратымыз. Жаратқанның бұйрығын орындай отырып, халыққа адал да таза өнім ұсынудамыз. Алдағы уақытта да бағыттарыңыздан таймай, сауапты да жауапты кәсіптеріңізді жалғастыра беретіндеріңізге сенемін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін!», – деді Айбек Асқарбекұлы.

ҚАРАҒАНДЫ: «HASS ET» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Hass et» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров аталған кәсіпорын иесіне сертификат табыстап, ет дүкенінде тағы бір мәрте аудит жұмыстарын жүргізді.

«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза әрі халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды. Қала тұрғындарына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген өкіліміз кәсіпкерге алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Hass et» ет дүкенінің мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Чернышевский көшесі, 105.

ҚАРАҒАНДЫ: «TURAN EL» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы ұлттық стильдегі заманауи дәмханалардың бірі – «Turan El» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті маманы Амангелді Асқаров табыстады.

«Turan El» – ұлттық стиль мен қазақи тағамдарды насихаттауға бағытталған, жоғары сервистік қызмет пен сапалы ас ұсынатын дәмханалардың бірі. Сертификаттау барысында өндіріс аумағында толыққанды аудит жұмыстары жүргізіліп, дәмхана қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді», – дейді маманымыз.

«Turan El» дәмханасының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Орбита-1 ықшам ауданы, құрылым 32/1

0 пікір
Мұрағат