«@halal_damu_bot» телеграм боты іске қосылды
|
«Халал Даму» және «qBots» компаниясының құрастыруымен «@halal_damu_bot» телеграм боты іске қосылғанын хабарлаймыз!
Көпшіліктің сұранысы бойынша, жеңілдетілген формат, көрнекі дизайнмен соңғы үлгіде дайындалып жасақталған бот, бүгіннен бастап тұтынушылар қолданысына жол тартады. «@halal_damu_bot» телеграм ботының негізгі функциясы – «Халал кәсіпорындарды іздеу», «Сертификат алуға өтініш білдіру», «Сұрақ/Жауап» қызметтерін қолжетімді, әрі, қолайлы ету. Аталған бот екі тілде қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, барлық ақпарат тікелей www.halaldamu.kz ресми сайтынан алынып, әр апта сайын жаңартылып тұрады. «Іздеу» батырмасында «Өңір» және «Категория» тараулары бойынша таңдау жасап, өзіңізге қажетті өнімнің «Сауда белгісін» немесе «Өндіруші атауын (ЖК/ЖШС)» енгізіп, базада тіркелген не тіркелмегендігіне көз жеткізуге болады. Және де «Сертификат алу» батырмасын бассаңыз, ресми сайттағы өтініш беру мәзіріне түсесіз. Ал, «Сұрақ/Жауап» батырмасында «Операторға сұрақ қою» және «Жиі қойылатын сұрақтар» жауабымен танысу функциялары қарастырылған.
Өз кезегімізде, халал өнімді тұтынушылар қолданысы мен «Халал Даму» ұйымының қызметін жеңілдету мақсатында «HalalDamuBot» телеграм ботын құрастырған «qBots» компаниясына алғысымызды білдіреміз! Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны. «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндалғандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана.
Ендеше, «@halal_damu_bot» ботына жазылып, тіркелуді ұмытпаңыз!