Қазақстанда 2020 жылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі
Қазақстанда 2020 жылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі
5 жыл бұрын 2259 7kun.kz Гүлдана Қазтай

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу аясында дәрі-дәрмектердің қалай таратылатыны туралы айтты.

«Біз медициналық сақтандыру аясында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға берілетін дәрі — дәрмектерді тегін беруді жоспарлап отырмыз», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтары арасында тегін дәрі-дәрмек алушылар қатары көбейеді.

«Өздеріңіз білесіздер, олардың барлығы мемлекет есебінен сақтандырылған және осы санат бойынша дәрі-дәрмекпен толық қамту қамтамасыз етіледі. Бұл халықаралық тәжірибе, дәрігерлер медициналық сақтандыру шеңберінде тегін алуға қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз бұған ұзақ уақытта жеттік, жылдан жылға қаржыландыруды көбейттік. Медициналық сақтандыру жағдайында біз бұл мәселені толықтай жабуға мүмкіндік беретін қажетті қаржыландыруды аламыз», — деді Денсаулық сақтау министрі.

Жалпы, оның айтуынша, рецептуралық дәрілердің нарығы шамамен 300 млрд теңгені құрайды. Бұрын олардың үштен бірі ғана мемлекет есебінен қамтылған.

«Яғни, балалар аурулары, онкология, туберкулез, психиатрия сияқты басым бағыттар бойынша. Бірақ, келер жылы басталатын медициналық сақтандыру жағдайында, қазір жинақталған қаражат есебінен біз екі жыл ішінде пациенттерді барлық рецептуралық дәрілермен толық қамтамасыз ете аламыз. Бұл өте маңызды, өйткені, ол нені білдіреді? Кез келген дәрігерлік рецепті медициналық сақтандыру және ТМККК қаражаты есебінен мемлекет толығымен немесе практикалық толық негізде қамтамасыз ете алады. Дәрі-дәрмекті өз қаражатыңызбен сатып алудың қажеті болмайды және мұның бәрі медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Бұл өте маңызды, себебі, емдеу тиімділігі әлдеқайда жоғары болады», — деп түйіндеді Елжан Біртанов.

0 пікір
Мұрағат