Қазақстан президенттігіне кандидаттар енді медициналық тексеруден өтуі тиіс
Қазақстан президенттігіне кандидаттар енді медициналық тексеруден өтуі тиіс
8 жыл бұрын 2917

Мұндай норманы жаңарған Конституцияда қайта қарауды мемлекет басшысы ұсынған.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

“Сайлау туралы” конституциялық заңнамада” сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған өзгертулер бар. Сондай-ақ, ел президенттігіне кандидаттар үшін де талаптар өзгерді. Бұл мемлекеттік қызметте немесе сайланған мемлекеттік қызметте бес жылдан кем істемеу; Қызметін атқаруға кедергі келтіретін ауруының жоқтығын растау”, – деді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев. Бүгін министр мәжілісте “Қазақстан Республикасының конституциялық заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын таныстырған болатын.

Оның сөзінше, Конституциялық заңның жобасы президенттің заңнамалық бастамасы негізінде құрастырылған. Бұл ретте 8 конституциялық заңға өзгерістер енгізіледі. Олар – “Сайлау туралы”, “Парламент және депутаттардың мәртебесі туралы”, “Республикалық референдум туралы”, “Үкімет туралы”, “Президент туралы”, “Конституциялық кеңес туралы”, “Тұңғыш президент – ұлт көшбасшысы туралы”, “Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы”.

Отырыстан кейін министр медициналық куәліктің міндетті түрде қажет болатынын айтты.

0 пікір
Мұрағат