|
Оңтүстік Қазақстандағы бір ауыл ішімдік пен темекіден толықтай бас тартты
|
Жусантай ауылындағы тұрғындардың барлығы ішімдік пен темекі секілді зиянды заттардан бас тартты. Бұл ауылдың тұрғындары зиянды заттардан зардап шекпейді және жұмыссыздық мәселесі де орын алып жатқан жоқ. «Біз сатып алған заттарға 5-10 теңге қосамыз. Ал мына үш затты дүкендерде мүлдем сатпаймыз: темекі, ішімдік, насыбай. Зиянды заттарды сату арқылы келген ақшада береке болмайды»,- дейді дүкен сатушысы Қарлығаш Елтай. Бұл ауылдың тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды заттардан бас тартқандарына біраз уақыт болған. «Бізде ешкім жұмыссыз жүрмейді. Барлығы үнемі жұмыс істеп жүреді. Тазалық жұмыстарын жүргізген кезде, кейде үлгермей жатып, адам жалдайтын кездеріміз де болады»,- дейді жеке шаруақожалығының иесі Изетбек Тазабекұлы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды