Кім қандай жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады? Зейнетақы қорындағы ақша арқылы қандай үй алуға және емделуге болады?
Кім қандай жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады? Зейнетақы қорындағы ақша арқылы қандай үй алуға және емделуге болады?
4 жыл бұрын 5196 Гүлжан Раманқұлова

Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке сілтеме жасай отырып, мәлім етті. 

Ел Президенті халыққа Жолдауында әлеуметтік салада біршама тапсырма берді. Оның ішінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі, - деді министр.
Президент тарапынан тұжырымдамалық шешім қабылданды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жағдайда пайдалануға мүмкіндік берілді:

- Тұрғын үй жағдайын жақсартуға;
- Емделуге;
- Қаржы компанияларға басқару үшін аударуға;

Кімдер қандай жағдайда жинақтың бір бөлігін ала алады?

- Жұмыс істеген және жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар. Егер де олардың жиналған сомасы жеткіліктік шегінен асып жатса. Бұл жерде негізгі қағидат қордағы жиналған ақшаларды болашақ жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын төлемдерге арналған. Президент айтқандай, мақсат – оның бәрін таратып беру емес. Қажетті бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен шексіз пайдалануға мүмкіндігі бар. Мұндай азаматтар саны 530 мың адамды құрайды.

- Зейнет жасына жеткен кісілер. Егер де ол кісілердің жинақтаушы қорында қаражаты болса. Ол кісілер ол қаражаттың 50%-ына дейін ала алады. Олардың саны 178 мыңнан асады. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне де тарайды. Бір ғана шарт бар – ол зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отқан зейнетақысы мен БЖЗҚ сомасын қосқан кезде зейнетке шыққан кезде табысының кемінде 40%-тен төмен болмауы керек. Елімізде бұл көрсеткіш 60%-ға жетіп отыр. 

- Зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған соманы. Олардың саны шамамен 13,3 мың адам. 

Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады, – деді Біржан Нұрымбетов. 
Зейнетақы қорындағы ақша арқылы қандай үй алуға болады?

Тұрғын үй жағдайын жақсату үшін кімдер қандай жағдайда үй ала алатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтып берді. Бұл жайында baq.kz  ақпарат көзі мәлім етеді.

Тұрғын үй жағдайын жақсатуға кімдер, қандай жағдайда қордағы қаражатты ала алады?
Бұл жағдайда азамат өзі, жұбайы және жақын туыстары үшін пайдалана алады. Жақын туыстарына заңнама бойынша кім жатады? Олар – ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырларына тарайды. Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкіндігін де қарастырамыз, - деді Біржан Нұрымбетов.

Қандай тұрғын үй алуға болады?

Бұл жерде тұрғын үй жағдайын жақсартуға бардық. Шектеулер көп болмайды. Тұрғын үйді немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсауға болады. Оның ішінде тұрғын үй тек бастапқы, жаңа үй емес, қайталама нарықтағы, яғни «вторичный» үйді де сатып алуға болады. Бұл ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге да болады. Ол кез келген екінші деңгейдегі банк және кез келген бағдарламамен алған ипотекаға да тарайды. Сондай-ақ, өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларына мүмкіндік қарастырылды. Бұл жерде тек бір ғана шектеу болуы мүмкін. Бұл зейнетақы жинақтары арқылы сатып алынған тұрғын үйді 5 жыл өткеннен кейін ғана сатуың мүмкін, - деді министр.

Министрдің сөзінше, бұл мәселені шешу үшін уәкілетті оператор белгіленетінін айтты.

Бұл оператор ұсыныс бойынша Тұрғын үй жинақтаушы банкі (министр – ертеңгі күні «Отбасы Банкі») болады. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді, - деді Нұрымбетов.
Зейнетақы жинақтары емдеуге қалай жұмсалады? 

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу үшін қалай мақсатты түрде пайдалануға болатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында түсіндіріп берді.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді деп болжануда. Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға жүгінеді. Оны ҚР Үкіметі айқындайтын болады, - деді министр.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын, тәртібін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды.

Салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асырады. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады, - деді Нұрымбетов.

Бұл тұжырымдамалардың тетіктері белгіленді. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша осы жылдың аяғына дейін қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданатын болады.

2021 жылдан бастап азаматтарымыз осыған дейін айтылған тәртіппен жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алатын болады, - деді министр. 
Зейнетақы жинағына алынған үйді 5 жылға дейін сатуға шектеу қойылады
«Отбасы банкі» зейнетақы жинағын баспана алуға пайдаланғысы келетін азаматтарға оператор болады. Бұл жайында inbusiness.kz ақпарат көзінің тілшісі Қанат Махамбет хабарлады.
 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 30 жастағы азаматтың 2 млн 518 мың, 35 жастағы азаматтың 2 млн 961 мың, 40 жастағы азаматтың 3 млн 437 мың, 45 жастағы азаматтың 3 млн 947 мың, 50 жастағы азаматтың 4 млн 495 мың, 55 жастағы азаматтың 5 млн 84 мың, 59 жастан асқан азаматтың 5 млн 586 мың теңгесі болуы керек. Бұл жинақталуға тиісті қаражат. Салымшылар осыдан асқан ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алады.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты берген түсінігі осындай болды. 
 
Біржан Нұрымбетовтің түсіндіруінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін «жеткіліктілік шек» ерлер мен әйелдерге бірдей болады. «Жеткіліктілік шек» жыл сайын есептеліп отырады.
 
«Зейнетақы қорындағы жарнаның «жеткіліктілікті шегі» әр жасқа бөлек белгіленеді. Бұл шек 20 жастан бастап есептеледі», – деді Біржан Нұрымбетов.
 
Министрдің мәлімдеуінше, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы «жеткілікті шектен» асса, оларға артық ақшаны кәдесіне жарату мүмкіндігі беріледі. 
 
«Мақсат ақшаның бәрін таратып беру емес, оның қажетті бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтарға өз еркімен жоғары мақсаттарға пайдалануға болады.  Мұндай азаматтардың саны 530 мың адамға жетіп отыр», – деді Біржан Нұрымбетов.
 
Зейнет жасына жеткен адамдар да қордағы артық ақшаны пайдалана алады.
 
«Егер оларда зейнетақы қорында қаражаттары бар болса, оның 50 пайызына дейін алады. Мұндай адамдардың саны 178 мыңнан асады. Олардың арасында құқық қорғау органдарының зейнеткерлері де бар. Оларға қойылатын бір ғана шарт – зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен, жинақтаушы қордан алып отырған зейнетақысын қосқан кезде, зейнетке шыққан кездегі табысының 40% төмен болмауы керек», – деді министр. 
 
Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және қорда жинағы бар азаматтар да  ақшаларын ала алады. 
 
«Зейнетақы анниутитетін рәсімдеген қазақстандықтардың зейнетақы жинағын сақтандыру қорына аударғаннан кейін жинақтаушы қорда қаражаты қалса, олар оны толығымен шешіп ала алады. Мұндай адамдардың саны 13 300. Дәл қазір зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алатыны белгілі болып отыр», – деді Біржан Нұрымбетов.
 
Оның сөзінше, зейнетақы жинағын баспана алуға пайдаланғысы келетін азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде құрылатын «Отбасы банкі» оператор болады. 
 
«Салымшы зейнетақы жинағындағы шекті соммадан асқан ақшасын өзі үшін, жұбайы үшін және жақын-туыстары үшін пайдалана алады. Заң бойынша жақын туыстарына ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырлары жатады. Сондай-ақ біз бір отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкіндігін де қарастырамыз», – деді Біржан Нұрымбетов. 
 
Министрдің мәлімдеуінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй, жер телімін немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады. Пәтерді бастапқы нарықтан ғана емес, қайталама нарықтан да алуға мүмкіндік беріледі. 
 
«Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге де болады. Ондай шарттар кез келген банктен және кез келген бағдарламамен алынған ипотекаға қатысты. Жеке тұрғын үй салу, жөндеу немесе кеңейту мүмкіндігі де қарастырылады. Бұл жерде бір ғана шектеу болуы мүмкін. Зейнетақы жинағына алынған үйді 5 жыл сатуға болмайды», – деді Біржан Нұрымбетов.
 
Оның сөзінше, «Отбасы банкі» зейнетақы жинағын баспана алуға пайдаланғысы келетін азаматтарға оператор болады. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі операцияны жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
 
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияға жүгінеді. 
 
«Зейнетақы жинағы есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидасын денсаулық сақтау министрлігі айқындайды», – деді министр.  Қанат Махамбет 
0 пікір
Мұрағат