ФҚҚ директоры ресейліктерді ИСИМ-нен қалай алыс ұстауға болатынын айтты
ФҚҚ директоры ресейліктерді ИСИМ-нен қалай алыс ұстауға болатынын айтты
10 жыл бұрын 3123

Соңғы жылы Шам жерінде содырлар жағында соғысып жүрген ресейліктер саны екі есеге артқан. Нақты санмен өрнектесек, 1,7 мыңға жетеқабыл адам лаңкестер қатарын толықтырып, бүлік салып жүр. Бұл деректі Ресей Федерациясының федералды қауіпсіздік қызметінің директоры, терроризмге қарсы ұлттық комитеттің төрағасы Александр Бортников Вашингтон қаласында өткен экстремизмге қарсы тұру мәселесіне арналған жиында жайып салды. Әскери жаттығудан өтіп, майданда жүріп тәжірибе жинап, жырындыға айналған оларды елге қайтару мәселесі биліктің мазасын қашырғанын да жасырмады. Осыған байланысты ұрыс жүріп жатқан жаққа азаматтарды ел аумағынан шығармау шараларын қарастыру керек деп есептейді. Ол үшін ұрыс жүріп жатқан аймақтарға барғысы келетіндердің төлқұжатын алу, қажет болса, оларды азаматтықтан айыру шарасын да қолданудың еш сөкеттігі жоқ деп санайды. Десе де, ФҚҚ жетекшісі бұл шаралардың тиімділігіне онша сеніп отырған жоқ. Барғысы келетін адам басқа жолын іздеп табады. Бір жағынан қатаң шаралар қолдана отырып, сонымен қатар, ағартушылық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізе беру керектігіне және үгіт-насихатты күшейту қажеттілігіне тоқталды.

0 пікір
Мұрағат