Атақты әнші Роза Әлқожа шариғат шәлісін тақты
Атақты әнші Роза Әлқожа шариғат шәлісін тақты
5 жыл бұрын 9694

Роза Әлқожа орамалын ештеңеге айырбастамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Екі рет қажылық сапарға барып келген Роза Әлқожа образын өзгертіп, орамалын тастамайтын болған. Бастапқыда арабтар ғана қымтанып киінуі керек деп ойлаған көрінеді ол. Дегенмен, артынша бұл үйреншікті әдетке айналған. 

"Бізде исламафобия бар ғой. Біз негізі діннен қорқпауымыз керек сияқты. Біз жалаңаштанудан қорқуымыз керек. 2013 жылы бірінші рет қажылыққа барған кезде, мен өзім де қазіргі адамдар сияқты қарайтын едім. Өзім де қабылдай алмадым. Өйткені, арабтар ғана солай киінетін сияқты", - дейді Роза Әлқожа.

Бүгінде орамалын басынан тастамайтын өнер иесі сахнадағы әріптесі Алтынай Жорабаевның ормалын шешіп тастауы туралы де өз пікірін білдіріп, тіпті орамалы үшін сахнадан кетуге дайын екенін айтты.

"Алла екі жүзді болудан сақтасын. Әркім өзіне жауап береді. Алтынай елдің сөзінен қаймыққан шығар, сахнадан кеткісі келмей жасаған шығар. Мені осы үшін сахнаға шығармай қойса, шықпауға дайынмын", - дейді өнер иесі.

0 пікір
Мұрағат