|
ВИЧ мутациясының қатері
|
Ғалымдар ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дертіне тез шалдықтыратын ВИЧ штамының мутациясын анықтады. Дәлірегі, ВИЧ-тің мутацияланған вирусы Канададан, Саскачеваннан табылған. Дәл қазіргі уақытта оны жұқтырғандардың дені, яғни, 80%-ы жергілікті тұрғындар. Осы заманғы емдік қасиеті жоғары дәрілердің өзі агрессивті мутант-штаммен күресуге дәрменсіз. Осыған байланысты ғалымдар дабыл қағып отыр. ВИЧ-ті толық емдеп жазу мүмкін емес, алайда, алғашқы кезеңінде оны дәрінің көмегімен тежеп, асқындырмауға болады. Ал ВИЧ-тің жаңа штамы термалды кезеңге (яғни, ЖИТС-ке) тез өтеді. Оның қатері сонда. Әзірге ғалымдар оны тоқтататын дәрі ойлап таба алған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде
■
Роберт Кийосаки бүй дейді: