Саусақ ізі жоқ адамдар: Мамандар саусақ ізінсіз туған жандарды зерттеп көрді
Саусақ ізі жоқ адамдар: Мамандар саусақ ізінсіз туған жандарды зерттеп көрді
6 жыл бұрын 5662

Әр адамның қайталанбас саусақ ізі болады. Алайда, жер бетінде саусақ ізі жоқ адамдар да бар. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Саусақ ізі бала құрсақта жатқанда алты айынан бастап қалыптаса бастайды. Қалыптасқан із өмір бойы өзгермейді. Саусақ ізінің адам ағзасындағы қызметі әлі нақтыланбаған. Кей теорияға сәйкес саусақ ізі затты ұстауға көмектеседі десе, енді бірінде сипап сезуге әсер ететіні айтылған.

2007 жылы дерматолог Питер Итинге саусақ ізі мүлде жоқ әйел қаралады. Оның алақаны теп-тегіс болған. Бұған дейін дәрігерлер саусақ ізсіз туатын адамдар жайлы естіген. Ол уақыттарда бұл гендік ауытқушылық Франческетти-Ядассоа-Негели синдромы деп аталып келді. Оған таз бастылар мен терісі құрғақтар да жатады.

Алайда, науқас әйелдің денсаулығынан мұндай кінәрат табылған жоқ. Дәрігерлер зерттеу жүргізе бастады. Ақырында бұл әйелдің отбасында тағы 8 адамның саусақ ізі жоқ екені анықталды. Тұқымдағы бұл ауытқушылық адерматоглифия деп аталды.

Адерматоглифияға шалдыққан адамдардың денесіндегі тор қабаты да аз болатынын анықталды. Бірақ, олардың денсаулығы шағымы жоқ.

Саусақ ізі жоқ адамдарың кезігетін қиындығы шетелге шығатын жағдайда туады. Олар шекарадан саусақ ізін тапсыра алмайды.

0 пікір
Мұрағат