Робот-тіс дәрігері әлемде алғаш рет адамға ота жасады (видео)
Робот-тіс дәрігері әлемде алғаш рет адамға ота жасады (видео)
5 ай бұрын 1346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бостондық Perceptive компаниясы тіс дәрігерінің жұмысын тиімді орындай алатын робот құрастырғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Робот таяуда науқас адамға алғаш рет тіс операциясын жасады. Робот отаны тіс дәрігеріне қарағанда 8 есе аз уақыт жұмсаған емдік шараға. Айрықша жүйе пациенттің ауыз қуысының егжей-тегжейлі үш өлшемді моделін жасау үшін оптикалық когерентті томографияны пайдаланатын 3D көлемді сканерді қамтиды. Нәтижесінде кариес автоматты түрде анықталады және шамамен 90% дәлдікпен жүзеге асады. Алынған суреттерге сүйене отырып, науқас пен дәрігер қажетті процедураларды анықтайды. Шешім қабылданған соң робот өз міндетін орындауға кіріседі. Роботтың іс-әрекеттерінің дәлдігі CNC жүйесі бар ультра заманауи станоктардың дәлдігін еске түсіреді. Әзірлеушілер робот орындайтын емдік процедураның адамдар үшін мүлдем қауіпсіз екеніне кепілдік береді және бірінші рет өткен толық роботталған процедураның сәттілігін растайтын факті стоматологиялық хирургиядағы нағыз жетістік.

 

0 пікір
Мұрағат