Қан құрамынан 67 аурудың бар-жоғын болжауға мүмкіндік беретін ақуыз табылды
Қан құрамынан 67 аурудың бар-жоғын болжауға мүмкіндік беретін ақуыз табылды
3 ай бұрын 2946 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бірнеше ақуыздың сигнатурасы (сипаттары, «қолтаңбалық» ерекешілігі) болашақта адамның бойынша қандай аурудың пайда болатынынан хабар береді. Осылайша ауруды ерте анықтаудың өзіне айлар кететін диагностика саласында жаңа технология пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбритания мен Германия ғалымдары белгілі бір аурулардың ықтимал пайда болу қатерін көрсететін белгілерді табу үшін қан анализі мен пациенттердің электронды медициналық жазбаларының деректерін салыстырып көрген екен. Мыңдаған пациенттің медициналық мәліметін талдау негізінде ғалымдар 67 түрлі ауруды, соның ішінде сирек кездесетін қатерлі ісік түрлерін болжайтын сигнатураларды анықтады. Дәлірегі, бұл тарапта зерттеушілер UK Biobank-тен (биологиялық банктен) 40 000-нан астам аамның кездейсоқ таңдалған үлгісінен қан анализінен 3000 плазма ақуызын бөліп алды. Аналитикалық, яғни, сараптамалық әдістерді қолдана отырып, ғалымдар ауруларды болжау үшін маңызды 5-20 ақуыздан тұратын 67 аурудың түрін анықтауға мүмкіндік беретін сигнатураларды анықтады. Мұндай тәсіл өз кезегінде, мысалы, бірнеше миелома, Хожкин емес лимфома, қимыл-қозғалыстың нейрондық ауруы, өкпе фиброзы және кардиомиопатияны болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі сынақтарды қолдана отырып, қан анализінің болжау қабілетінің қолданыстағы барлық әдістен асып түскенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат