Күннің қаншалықты ыстық екені (температурасы) анықталды
Күннің қаншалықты ыстық екені (температурасы) анықталды
3 жыл бұрын 6125 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күн Жерден 150 млн шақырым қашық, соған қарамастан оның жылуы мен жарығы молынан жетеді. Осынша қашықтық пен жердің қорғаныш болар табиғи қабаттары болмаса, жерде тіршілік болмас еді. Бұл жайында islam.kz порталы focus.de ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың гипотезалық тұжырымы бойынша Күннің ядросындағы температура шамамен 15 млн градусты құрайды. Бұл жылу Күннің ішіндегі ядролық синтез арқылы генерацияланады. Ядросына қарағанда күннің беткі жағы едәуір салқындау келеді. Күннің маңындағы температураның өзі 5 мың 600 градусқа таяу. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың есебінше, күннің әрбір шаршы метрі 63 мегаватт энергия бөледі. Бұл жердегі атом электр стансасы өндіретін энергияның шамамен жартысы. Осы орайда Күн мен жердің арасындағы арақашықтық біркелкі емес, өйткені, жер күннің айналасында эллиптикалық орбитасы бойынша қозғалады.

Видео ВВС Russian ақпарат кзінен алынды.

0 пікір
Мұрағат