Күн энергиясын сақтау тәсілі табылды
Күн энергиясын сақтау тәсілі табылды
4 жыл бұрын 3435 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күн сәулесі энергиясын сақтау әрі тиімді жолмен шығарып алу бүгінгі таңда ғылыми ортадағы күрмеуі табылмаған көкейтесті мәселелердің бірінен саналады. Шведтердің Линчёпинг университетінің ғалымдары мұның да жолын тапқан секілді. Олар күн энергиясын тиімді жолмен жинайтын әрі сақтайтын молекуланы жасады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш молекула екі түрлі пішінде бола алады: «аналық» пішіні күн энергиясын сіңірсе, «баламалы» пішінінің «аналығына» қарағанда энергия сыйымдылығы жоғары әрі тұрақты келеді. Ғалымдардың айтуынша, молекуланың бұл айтылған «екіжүзділігі» күн энергиясын тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл молекула «молекулярлы фотоажыратқыш» ретінде белгілі топқа жатады. Олар химиялық құрылымы жағынан айрықшаланатын екі түрлі пішінде, екі өлшемде бола алады. Бұл нені білдіреді? Бұл оның құрылымын, соған орай фотоажыратқыш өзгешелігін күн сәулесімен әсер ете отырып өзгертуге болатынын білдіреді. Фотоажыратқыш қолданылуы ықтимал салалардың бірі молекулярлы электроника: молекуланың екі пішінінің электр өткізу қасиеті екі түрлі болады. Тағы бір саласы – фармакология: молекуланың бір пішіні фармакологиялық тұрғыдан белсенділік танытады әрі организмдегі нақты бір ақуызбен байланысуы мүмкін, ал екіншісі белсенді болмайды. Швед ғалымдары әу баста бұл молекуланы суперкомпьютер үшін әзірлеген болатын. Моделдеу нәтжиесі көрсеткендей, бұл молекула 200 фемтосекундқа дейінгі шекте күн энергиясын тез сақтау үшін қажетті химиялық реакцияға төтеп бере алады. Ғалымдар енді энергия сақталған молекуланы тиімді жолмен шығарудың жолдарын іздестіретін болады. «Көптеген химиялық реакция молекула жоғары энергияға ие болғанда басталады, сонсоң энергиясы төмен молекулаға өтеді. Біз бұл жерде керісінше жасадық – энергиясы төмен молекула жоғары энергиялы молекулаға айналады. Біз мұны жүзеге асыру күрделі де қиын болатын шығар деген едік, алайда, біз мұндай реакция шапшаң әрі тиімді болатынын көрсетіп бердік»,- деді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Бо Дурбидж.

Исследователи из шведского Университета Линчёпинга разработали молекулу, которая способна собирать и хранить солнечную энергию.

0 пікір
Мұрағат