Иммунолог короновирус жұқтырғандардың симптомсыз тасымалдаушылары болатынын жоққа шығарды
Иммунолог короновирус жұқтырғандардың симптомсыз тасымалдаушылары болатынын жоққа шығарды
4 жыл бұрын 2017 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Берн университетінің Иммунология институтының бұрынғы директоры әрі профессор Беда Штадлер індет жұқтырғандардың арасында аурудың симптомсыз өтетінін, яғни, вирус тасымалдаушысы бола тұра оның белгілері бойынан білінбеуді миф санап отыр. Ғалымның бұл тосын зерттеуі Өмірді ұзарту жөніндегі америкалық медицина академиясының порталында жарияланды. Оның айтуынша, тәжді тажалмен күресте барлық әлемде өрескел қателік жіберілген. Оеың сөзіне қарағанда, Sars-CoV-2 тәжді тажалы – бұл толықтай жаңа вирус емес, ол өзге короновирустарға ұқсас; ол мутацияға ұшырап, жаз мезгілінде жоғалатын, суық тию секілді маусымдық вирусқа ұқсайды. Тәжді тажалдың басты қаупі ретінде әлем сарапшылары оған иммунитеттің болмауын атап жүр. Алайда, оның өзі тек топшылаудан туған жорамал ғана, өйткені, бұл бағытта арнайы тыңғылықты зерттеу жүргізілмеген. Ғалымдар бұған дәйек ретінде мынадай дерек келтіріп отыр: атипті пневмония тудыратын SARS вирусының ошағы болған қытайдың аудандарындағы жаңа коронвирустың әсері төмен. Осылай дей келе иммунолог эпидемиологтардың короновирустың маусымдық сипатына сенбей, жаңсақ болжамдар мен моделдерге жол бергенін мәлімдеді. Бұған қоса, ол короновирустың белгісі жоқ тасымалдаушысы болмайтынын атап өтті. Оның ойынша, қателік тәжді тажалдың организмде бар-жоғын анықтау тестіне байланысты орын алған: тест вирустың иммундық жүйемен жойылғанын немесе жойылмағанын анықтай алмайды. Сондай-ақ, ол вирустың симптомсыз тасымалдаушысы болатынына сенбейтінін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат