Ғалымдар ГМО-ға қатысты тәжірибенің алапат апатқа ұрындыратынын ескертіп отыр
|
Генетик ғалымдар орын алуы ықтимал гендік драйвты сынақтан өткізудің арты жақсылыққа апармайтынын ескертіп отыр. Дәлірегі, алаңдаушылық білдірді. Мұндай сынақ планетадағы биологиялық әр алуандылыққа қауіп төндіреді. Бұл жайында Gizmodo ақпарат көзі хабар таратты. «Біз әлеуметтік тұрғыдан да, әдептілік жағынан да дайындығымыз жоқ бұл технологияға. Алайда, технологиялық жағынан оны жүзеге асыруға шамамыз келеді. Қорқыныштысы осында»,- деп мәлімдеді жаңа зеландиялық ғалым Нил Геммель.
Гендік драйв тәсілі табиғи жолмен сұрыпталуды жоюға қабілетті. Өйткені, модифициялық генді көбейтуге ықпал етеді. Бұған қоса, аталған технологияның көмегімен өзіне ұқсас түрлердің бәрін жойып жібере алатын инвазивтік зиянкес ағзаны тудыруы мүмкін.
Алғаш рет мұндай гендік драйвер әдісі туралы Гарвард университетінің бір топ ғалымы 2014 жылы жазған болатын. Авторлардың бірі Кевин Эсвелт зерттеу еңбектері жария болған соң бірден ғылыми ортаға тәжірибенің қатерін ескертті. Мәселенің мәні сонда, гендік драйв әдісі «эгоистік ген» деп аталып кеткен қатердің әлемдегі барлық популяцияның көптеген түріне тарайтын болады.
«Менің қателігім ақпаратты анықта та қанық етіп жеткізе алмауымда жатыр»,- деп ағынан жарылып еді генетик.
Айта кетейік, өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының биологиялық әр алуандылық жөніндегі конвенциясы гендік драв технологиясын егістік алқабында жүзеге асырудан бас тарту қарастырылған. Десе де ғалымдар мұндай тәжірибені сынап көруден үміттерін үзген емес. Олар «эгоистік геннің» таралуын шектейтін тәсілді іздестіріп жатыр.