«Болашақтың маймылы»: ол ойша қалауын білдіре алады (видео)
|
Илон Масктің Neuralink стартапы бойынша маймылдың миына чип енгізілген болатын. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Neuralink Show and Tell таныстыру шарасы барысында америкалық кәсіпкер өзінің болашағы зор Neuralink стартапының жоспарлары туралы айтып, компанияның қандай жетістіктерімен мақтана алатынын көрсетті. Илон Масктың айтуынша, алты айдан кейін мұндай чиптер бұл тараптағы тәжірибеге өз еркімен қатысқысы келетін адамардың миына енгізіледі. Ол үшін компания АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) рұқсат алуы керек. Құжаттардың басым бөлігі департаментке жіберілгені хабарланды. Таспаға тартып алынған көріністе маймылдың компьютер алдында отырып, виртуалды пернетақтада теріп жатқанын көруге болады. Алайда, ол құрылғыға жанаспайды. Илон Маск түсіндіргендей, маймыл басына орнатылған арнайы чиптің арқасында ақыл-ойының күшімен басып шығарады. Маймыл ой күшімен: «Маған дәмді тағамдар бере аласыз ба, өтінемін?» деген сөйлемді тереді. Мұның бәрі қалай болғанын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар: