Ақпаратты ауада лазер арқылы секундына 1 Тбит жылдамдықпен берудің әдісі табылды
Ақпаратты ауада лазер арқылы секундына 1 Тбит жылдамдықпен берудің әдісі табылды
1 жыл бұрын 1390 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер секундына 1 Тбит жылдамдықта жұмыс істейтін сымсыз, оптикалық байланыс желісін құрды. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцариядағы федералды технология институтының (ETH Цюрих) инженерлері ғарыш компанияларымен бірлесе отырып, жылдамдығы секундына бірнеше ондаған Тбит-ке жететін ауада лазердің көмегімен деректерді беру мүмкіндігін паш етті. Аталмыш технологияны спутниктік байланысты дамыту және құрлықтарды байланыстыратын су астындағы қымбат интернет кабелдерін ауыстыру үшін пайдалануға болады. Бұл тараптағы тәжірибе барысында зерттеушілер Алпі тауындағы Жунгфраухоч шыңы мен Берн обсерваториясы арасында (шамамен 53 шақырымды құрайды) лазер арқылы сигнал жіберіп көрді.Кедергі тудыратын ауаның турбуленттілігіне қарамастан сынақ кезінде таза орташа деректер жылдамдығына (секундына 0,94 Тбит) қол жеткізу мүмкін болған. Зерттеушілерді ауадағы сигналдың бұрмалануы толғандырған еді. Бөлшектердің өзгермелі турбуленттілігі жарық конусының ішінде және шеттерінде жарық толқындарының түрлі жылдамдығына әкеледі. Нәтижесінде жарық толқындары қабылдау стансасының детекторына жеткенде амплитудалар мен фазалық бұрыштар бірін-бірі қосады немесе жоққа шығарады, бұл жайт өз кезегінде жалған мәндерді тудырады. Мұндай қателіктің алдын алу үшін зерттеушілер  реттелетін 97шағын айналар массиві бар микроэлектромеханикалық жүйе (MEMS) чипін пайдаланды. Айна деформациялары сәуленің оның қиылысу бетіндегі фазалық ығысуын ағымдағы өлшенген градиентпен секундына 1500 рет түзетеді, сайып келгенде сигналдарды шамамен 500 есе жақсартады.

Данные передали по воздуху со скоростью около 1 Тбит/с с помощью лазера

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар ақпаратты жеткізу жылдамдығын лазердің көмегімен 10 мың есеге арттырды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-aqparatty-jetkizu-jyldamdygyn-lazerdin-komegimen-10-myn-esege-arttyrdy-14863/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты жаңа оптикалық талшық арқылы секундына 1 700 000 Гбит жылдамдықпен жіберу әдісі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-jana-optikalyq-talshyq-arqyly-1-700-000-gbits-jyldamdyqpen-jiberu-adisi-paida-boldy-18785/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты жарықтың көмегімен секундына триллион есе жеткізудің тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-jaryqtyn-komegimen-sekundyna-trillion-ese-jetkizudin-tasili-tabyldy-14301/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат