Адам организімінен бұрын беймәлім болып келген ағза табылды
Адам организімінен бұрын беймәлім болып келген ағза табылды
2 жыл бұрын 8826 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерландының онкология институтының ғалымдары адам организімінен бұрын белгісіз болып келген ағзаны – түтік сілекей безін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Radiotherapy and Oncology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Онкологтар бас және мойын қатерлі ісігі туралы тереңірек зерттеу үшін дененің белгілі бір аймақтарын «ерекшелеген» радиоактивті глюкозамен сканерлеу әдісін қолданды. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар 100 пациентті сканерлеген кезде олар бастың бірдей екі аймағын бірнеше мәрте байқаған болатын. Соңында ғалымдар мұрын-жұтқыншақтың артқы жағында (мұрынның артындағы жұтқыншақтың жоғарғы бөлігі) орналасқан сілекей бездерінің жиынтығын тапқанын анықтады. Зерттеушілер жұп ағзаны «түтік бездері» деп атады. Зерттеушілер адам бойында негізгі сілекей бездерінің үш жиынтығы бар екенін алға тартқанымен осы уақытқа дейін олардың ешқайсысы мұрын-жұтқыншақтан табылмағанын жеткізді. Мұрын-жұтқыншақтағы жалғыз сілекей немесе шырышты бездер микроскопиялық тұрғыдан титтей болып келедң және шырышты қабатта біркелкі таралған, деп есептелді. Осы «түтік бездерінің» ашылуының арқасында онкологтар енді асқыну мен қабынудың алдын алу үшін дененің осы бөлігін радиациялық әсерден сақтайтын болады.

0 пікір
Мұрағат