Шылым шегу дәуірі аяқталып келеді
|

Көп ұзамай адамзат темекінің не екенін ұмытады. Ары кетсе, ширек ғасырдан кейін, әйтпесе, енді бір он немесе он бес жылдан соң. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тек бір шартпен: мемлекет тарапынан саламатты өмір салтын қалыптастыру мен жат әдеттен жирендіруге қатысты кешенді іс-шаралардың стратегиялық жоспары мен азаматтық қоғамның қолдауы – бұл дәуірдің аяқталуын тездете алады. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Дәлірегі, темекі өндірісінің алыбы Philip Morris компаниясының бас директоры Андре Каланцопулос осындай тұжырымға келіп отыр. Темекі өндірісінің алыбы өзі осылай деп мойындап отырса, аталған саланың күйі кете бастаған соң айтып отыр. Бұған қоса, аталмыш компания бизнесін сақтап қалу үшін адам денсаулығына зиянды никотинді сигаретпен алмастыратын басқа өндіріске көшіп жатыр. Бүгінгі таңда әлемде 11,2 млн-нан аса адам сигареттің баламалы нұсқасына көшкен.




