Тұздың зияндылығы
|
Қазір кейбір адамдар салауатты өмір сүру үшін темекіден, спиртті ішімдіктерден, газды сусындардан, қуырылған еттен бас тартқан. Бірақ шамадан артық тұз бұлардан да зияндырақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде кең етек алып бара жатқан жұқпалы емес аурулардың темекіден кейінгі себепшісі әрі ең қауіптісі - тұз деп мәлімдеді.
5 мың жыл бұрын күніне жарты грамм тұзбен өмір сүруге үйренген адамның тұзды қолдануы соңғы дәуірлерде бірден артты.
Қазір тұздың тәуліктік тұтынылуы орта есеппен 8 граммға көтерілді.
Оның басты себептерінің бірі - дайын тамақтардың пайда болуы.
Жапонияда 50 жыл бұрын қолданылатын тұз мөлшері күніне 18 грамм болған. Сол себепті сал (паралич) ауруына шалдыққандардың саны өте көп болды. Кейін үкімет тұздың тұтынылуын азайтқаннан кейін оның тәуліктік мөлшері 4 граммға түсті. Ал сал ауруымен ауыратындар 80 пайызға азайған. Тұз қолданылымы 2 грамм азайтылғанда, 4 жылда жүрек ауруымен ауру қаупі 25 пайызға азайған.