Көк шайдың ешкім күтпеген ерекшелігі белгілі болды
Көк шайдың ешкім күтпеген ерекшелігі белгілі болды
2 жыл бұрын 2799 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көк шай – денсаулыққа пайдасы зор сусын түрі. Қан қысымын түсіруден бастап, артық салмақтан арылуға дейін бірнеше пайдасы айтылады. Дәлірегі, артериялық қан қысымын қалыпқа келтіріп қоймай, организмдегі жиналып қалған улы және тұзды заттарды шығарады. Қартаю процесін тежейді, зат алмасу процесіне оң ықпал етеді, қабынудың алдын алады. Осылайша денсаулықты нығайтып, сергек жүруге сеп болады. Таяуда Германияның Цюрих қаласындағы федералды технология институтының ғалымдары көк шайдың организмге тигізер ықпалының бұл айтылғандардан да күрделі екеніне көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Aging мерзімді басылымы мен Sci News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған сусын түрінің құрамында қартаю процесін тежейтін катехин бар болып шықты. Катехин – оттегінің еркін радикалдары тудыратын организмдегі қышқылдану стресінің алдын алатын антиоксидант. Осылайша көк шай құрамындағы бұл зат жасушалардың немесе ДНҚ-ның зақымданудан қорғайды. Дегенмен, C. elegans нематодты құртына жүргізілген тәжірибелер жасыл шай полифенолдары тотығу стрессін баспайтынын, керісінше оны көтермелейтінін көрсетті. Яғни, олар антиоксиданттар емес, вакцина сияқты дененің қорғаныс қабілетін жақсартатын прооксиданттар, деп түсіндірді профессор Майкл Ристоу. Бұл тараптағы зерттеуге жауапты ғаалымдар қысқа мерзімді тотығу стресінің толқынының организмге осы зиянды процеске бейімделуге және жасушалардың қорғаныс мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат