Климаттың өзгеруі Азияның дамуына қалай әсер етеді?
Климаттың өзгеруі Азияның дамуына қалай әсер етеді?
7 жыл бұрын 7368 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға байланысты орын алған климаттың өзгеруі жер планетасының барлық түкпіріне сөзсіз өз әскерін тигізеді. Алайда, Азия-Тынық мұхиты аймағына тигізер әскері орасан болмақ. Бұл өз кезегінде халық ең көп шоғырланған, дәлірегі, адамзаттың үштен бірі мекен еткен аймақтың дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды. Ең алдымен осы аймақтағы тұрмысы онсыз да төмен халықтың әлеуметтік жағдайын нашарлатады. Бұл жайында Азия даму банкі мен Потсдамдағы климат өзгерісін зерттеу институты жариялаған баяндамада айтылған. Мамандардың тұжырымы бойынша осы ғасырдың соңына таман аталмыш аймақтағы температура Цельсия бойынша 6 градусқа жоғарылайды. Қытайдың солтүстік-батыс өңірінде бұл көрсеткіш 8 градусқа дейін жетпек. "Аймақ қауіп астында: Азия-Тынық аймағындағы климаттың өзгеруін адами өлшеу" аты баяндамада осындай дерек келтірілген. Нақтырақ айтқанда, ауа температурасының көтерілуі аталған аймақтың ауа райына, ауыл шаруашылығына, балық шаруашылығына, құрлықтағы және судағы биологиялық әр алуандылығына, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне, сауда-саттыққа, қала құрылысына, көші-қонына, денсаулық сақтау саласына күрт өзгерістер әкеледі. Аталған баяндамада жаһандық жылынуда ХХІ ғасырдағы адамзат бетпе-бет келген ең басты проблема деп аталған екен. Егер климатың өзгеруіне бейімделе алса аталған аймақ, онда күллі әлем жаһандық жылынудан келетін қатерден күллі әлем құтыла алады. Ол үшін 2015 жылы Париж қаласында жасалған келісімге сәйкес көмірқышқыл газын бөлетін өндіріс пен көлік санын шектеу арқылы Цельсия бойынша ауа температурасының көтерілуін 2 градусқа дейінгі деңгейінде ұстап тұруға болады. Жаһандық жылыну АзиЯ-Тынық мұхиты аймағына тайфун мен тропикалық циклонды алып келеді. Бұл аймақтағы жылдық жауын-шашын мөлшері 50%-ға артып, керісінше Пәкістан және Ауғанстан секілді аймақтарда жауын-шашынның жылдық мөлшері 20-25 пайызға дейін кемиді. Ең алдымен аталған аймақта климаттың өзгеруінен ең көп зардап шегетін ел Индонезия болмақ. Бұл елде 5,9 млн адам теңіз жағалауы аудандарында өмір сүреді. Климаттың өзгеруі аймақтағы азық-түліктің азаюына, өндіріс шығынының артуына апарып соқтырады. Оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдерінде күріш шығымы 2100 жылы 50%-ға дейін кемиді. Ал Орта Азияға келсе, ең алдымен Өзбекстан зардап шегетін болады климаттың өзгерісінен. Бұл аймақтағы жерден алынатын өнім 2050 жылға қарай 20-50%-ға азаяды. Цельсия бойынша ауа температурасы 2 градусқа жоғарылаған жағдайда. Оңтүстік Азиядағы ашқұрсақ жүретін адамдар қарасы 7 млн-ға жетіп жығылады. Климаттың өзгеруінен Қытай, Пәкістан, Үндістан және Бангладеште жыл сайын 3,3 млн адам ауаның ластануынан опат болады. 

0 пікір
Мұрағат