Сумен оқ ататын балық (видео)
Сумен оқ ататын балық (видео)
5 жыл бұрын 5721 Әкежан Дәкен

Сіз білесіз бе, табиғатта физика заңына сүйенетін бірқатар балықтар судың көмегімен өз жемтіктерін аулайды?! Аrcherfish балығына ұсақ жәндікті дәлдікпен атып түсіріп үшін бар-жоғы он секундтай уақыт қажет екен... Бұл жайында massaget.kz ақпарат көзі хабар таратты. Олар судың жоғары қабатында өз жемтіктерін тосумен, бір заматты күтіп жатады. Үш метр биіктіктен ұсақ жәндіктердің бірін таңдаған соң, нысана белгілі. Әлгі нысана көздің ерекше бөліміне келіп түсуін күтеді. Ауыз қуысының жоғары бөлігі ашылып, тілі төмен тартыла түседі. Жіңішке су каналы пайда болады. Аяғында желбезектерін қысқарта түсіп, жіңішке канал арқылы қатты су ағысын жібереді. Ағыс қуаты жәндіктің қуаттылығына байланысты болуы мүмкін. Бес метр биіктіктен шала алмақ... Таңғаларлық, иә, бірақ, зерттеулер жәндіктерге бағытталған су ағыны аталған балықтың жасаған, не болмаса түзген су қуатынан әлдеқайда асып түсетінін көрсеткен. Бұл дегеніміз, оққа қолданылатын физика заңдылығы аяқ асты етіледі. Бұдан көп жыл бұрын зерттеушілер балықтар аңшылыққа ішкі бұлшықеттерін жұмылдырады (мобилизациялап) деп ойлаған болатын. Шындығында, олар су жылдамдығын ауа арқылы реттестіре (смодулировать) алатын болып отыр. Және өз ұйғарымдары мен нысана дәлдіктерін өзгертіп отыра алмақ. Сонымен, бұл балықтар жемтігін бірінші дәлдіктен құлататын дүниедегі ең мерген аңшы саналуда. 

 

0 пікір
Мұрағат