2050 жылға қарай жер шары тұрғындарының жартысы тұшшы суға зар болады
|
Ішуге, суармалы жерлерге, энергия өндіруге,, т.б. қажетті тұшшы су мөлшері жылдан жылға азайып келеді. 7,6 млрд адамзаттың екі млрд-тан аса бөлігі қазірдің өзінде ауыз суға жарымай отыр немесе мүлдем қол жеткізе алмай отыр. Бұл жайында осы жылдың маусым айында жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының су ресурсына қатысты кезекті баяндамасында айтылған. Осыған орай 2050 жылға қарай жер тұрғындарының жартысы тұшшы су тапшылығына ұшырамақ. Аталмыш баяндаманы дайындаған мамандардың айтуынша, күллі әлемнің шөл азабын тартуына негізгі екі себепке жер шары тұрғындары санының өсуі мен климаттық өзгерісті жатқызып отыр. Бірінші және екінші проблеманың шешімі адамзаттың өз қолында. Шөлді аймақтарда тұратындар мен сулы-нулы өңірлерде тұратындардың ара салмағын оңтайлы шешудің жолдарын іздестіру әрі жаһандық жылынудың одан ары қатерлі сипат алуына жол бермеу.
Ауызсу тапшылығына ұшыраған елдердің ондығы. Адамзаттың жалпы қарасының (пунктрилік шеңбері) ауызсуға қол жеткізе алмай отырғандарға (боялған шеңбер) ара қатынасы
Мәселен, Үндістанда ауызсуға 163 млн адам қол жеткізе алмай отыр. Ал екінші орында Эфиопия тұр - 61 млн адам.
Адамзат су тапшылығын жою үшін теңіз суын молынан тұшшыландыру технологиясын жетілдіріп қана қоймай, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, табиғатты аялап ұстау, соның ішінде суды үнемдеу мәдениетін қалыптастырмайынша бір ғана технологиямен алысқа ұзамайды. Сондай-ақ, суды барынша аз қажет ететін дәнді-дақылдарды өсіру де күн тәртібінен түспеуі керек.
Адамзат санының өсу қарқынына қарағанда ауызсуды тұтыну мөлшері тым артық
Түрлі отын түлерін өндіруге арналған энергетикалық секторлардың суды тұтыну мөлшері.
Бұрында айтылып жүргендей, әлемдегі тұшшы су қорының шапшаң таусылуына, сондай-ақ, климаттық өзгерістер де өз әсерін тигізуде. Парникті газ атмосферада неғұрлым көп шоғырланса, жылу соғұрлым мол бөлініп, құрғақшылыққа ұрындырады. Яғни, су қорының азаюына апарып соқтырады.
Төменгі картадан су стресін байқай аласыз (яғни, суды пайдаланушы мен су ресурсы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғанын).
2040 жылға болжанған әлемдегі су стресі
Әлемнің аса ірі қалалары мен мегаполистері, әсіресе, су тапшылығын тартады. Бұрын бір хабарлағанымыздай, Оңтүстік Африка Республикасындағы 4 млн тұрғыны бар Кейптаун қаласындағы су тапшылығы туралы кеңінен жазғанбыз. Қаңтар айында билік өкілдері ауызсудың тек 90 күнге жететінін мәлімдегенін де айтып өткенбіз. Әлі күнге ауызсумен қамтамасыз ету аталған елді-мекенде шешімін тапқан жоқ. Бұл қала жақын болашақта ауызсу пробелмасын шешпесе, қаңырап қалары анық.
2050 жылға қарай адамзаттың 3,5-тен 4,4 млрд-қа дейін бөлігі ауызсу тапшылығына ұшырайды. Оның 1 млрд-ы қала тұрғындары. Осы бағытта 482 қала мен елді-мкенге зерттеу жүргізілген екен: олардың төрттен бірі жақын болашақта ауызсу тапшылығын тартатын болады.
2050 жылға қарай су дағдарысына ұшырайтын қалалардың жиырмалығы