Ұрыс-керіс шығармай, үй шаруасында қолқабыс еткені үшін күйеуінен ажыраспақ
Ұрыс-керіс шығармай, үй шаруасында қолқабыс еткені үшін күйеуінен ажыраспақ
5 жыл бұрын 4731 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны ажырасуға арыз берді. Тиісті орындарға. Khaleej Times ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, ерлі-зайыптылар ажырасуға себеп болатындай ұрыс-керіс, талас-тартыс, жанжал орын алмаған. Керісінше шаңырақ көтергендеріне бір жыл өткен ерлі-зайыптылардың ажырасуына күйеуінің шектен тыс қамқорлығы, үй шаруасында әйеліне қолғабыс ететіні, әлі дауыс көтермегені, әйеліне деген сүйіспеншілігі себеп болып отыр. «Мен кейде ұрсысқым келіп тұрады. Мені ұдайы кешіріп, сыйлық тарту ете беретін күйеуім маған мүмкіндік бермейді»,- деді ағынан ақтарылған бейбақ. Сот кезінде күйеуі диетаға ұстайтынын, спортпен шұғылданатынын жеткізді. Әйеліне сымбатты көрініп, ұнау үшін. Сот әйелдің ажырасуға қатысты шағымын қанағаттандырмай тастады.

0 пікір
Мұрағат