Үндістанның 132 елді-мекенінде соңғы 3 ай ішінде бірде-бір қыз бала дүниеге келмеген
Үндістанның 132 елді-мекенінде соңғы 3 ай ішінде бірде-бір қыз бала дүниеге келмеген
5 жыл бұрын 3947 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістан билігі соңғы 3 айда бірде-бір қыз балаға дүниеге келмеген 132 елді-мекендегі мұндай "тосын" демографиялық құбылыстың астарын ашу үшін тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізуге пәрмен берді. Тиісті, құзыретті орындарға. Аталған 132 елді-мекен Үндістанның солтүстігінде орын тепкен. Бұл жайында арабтардың Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Дәлірегі, Уттарханд штатындағы бұл жағдай құрсағындағы шарананың жынысы қыз екені анықталған аяғы ауыр әйелдердің селектрлік түсік жасатуы мүмкін деген күдік тудырып отыр. Азияның көптеген елдері секілді ұл балаға артықшылық беретін үнділердің бұл кері тартқан менталитеті өз кезегінде жүкті әйелдердің баланы алдыртып тастауға баруы мүмкін деген ойға итермелеп отыр. Аталған ел аумағында абортқа, яғни, түсік жасатуға заңмен тыйым салынған. Бұдан бөлек, УЗИ арқылы баланың жынысын алдын ала анықтауға да тыйым салынған. Үнділердің ұл балаға артықшылық беретін "ерекшелігіне" байланысты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 1994 жылы Үндістанда селектірлік іріктеуге қатаң тыйым салынған. Аталмыш тыйымға байланысты дәрігерлерге іштегі шарананың жынысы туралы ата-анасына алдын ала хабарлауына немесе ақпарат беруіне тыйым салынған. Тағы бір айта кететін жайт, соңғы уақытта Үндістанда әйел тұрғындар қарасы күрт азайып келеді. Бұл демографиялық дисбаланс аталған елдің болашағына қауіп төндіріп тұр. 

0 пікір
Мұрағат