Ұлыбритания әскерінің төрттен бірі он жылдан соң тек роботтардан тұратын болады
Ұлыбритания әскерінің төрттен бірі он жылдан соң тек роботтардан тұратын болады
4 жыл бұрын 2533 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі 2030 жылы ел әскерінің төрттен бірі роботтар мен автоматтандырылған жүйеден тұратынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы ағылшын тілінде хабар тарататын The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. Аталмыш құзырлы орынның мәлімдеуінше, әскери технология адамның басқаруымен әрі бақылауымен әрекет ететін болады. Аталған елдің қорғаныс министрлігінің штаб бастығы Ник Картердің айтуынша, кибернетикалық және ғарыштық технология дәстүрлі әскери тапсырмаларды суда, көкте және құрлықта орындауға бейімделеді. Осылай деген ол болашақта елдің қарулы күштер сапындағы 120 мың сарбаздың 30 мыңы роботтардан жасақталатынын мәлімдеді. Роботтар мен автоматтандырылған жүйе өз кезегінде елдің әскери әлеуетін асыратынын алға тартты. Осыған байланысты Ұлыбритания әскерилері жасанды интеллекті негізінде жұмыс істейтін көлік құралдарын сатып алуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, сарбаздарға әскери тапсырманы орындауға көмектесетін ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қатысты жобаларға басымдық берілетіні белгілі болды. Қарумен, датчиктермен, камерамен жабдықталатын дрондар сарбаздарға төнген қауіпті ескертіп, алдын алуға және өзге де қысылтаяң жағдайларда көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат