Терроризм қаупінен тыңшылық қаупі асып барады
Терроризм қаупінен тыңшылық қаупі асып барады
3 жыл бұрын 1451 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияның барлау қызметінің жетекшісі Майк Бёргесс парламент қабырғасында жасаған баяндамасында көп ұзамай елдегі терроризм қаупінен тыңшылардан келетін қауіптің жоғары болатынын алға тартты. Бұл тенденция тек аталған елге ғана емес, сонымен қатар, күллі әлемде байқалатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша тыңшылықтың етек алуынан мемлекетке жасырын қауіп ашық қатер төндіріп келеді. Австралияның қауіпсіздік қызметінің (ASIO) басшысы шетелдік агенттердің әрекеті соңғы жылдары жанданып келе жатқанын жеткізді. Шетелдік тыңшылар елдің ішкі ісіне араласып, түрлі арандатуға жол беріп қоймай, әскери әлеуетті, технологияны, өзге елдерман арадағы түрлі құпия келісімдерді қолды қылу, т.б. әрекеттерге жиі баратын болған. Қандай да бір ел аумағында қолға түскен тыңшылар туралы ақпарат көбінесе құпия ұсталады.Дегенмен тыңшылық саяси мақсатта пайдаланылатындықтан екі елдің арасына жік салып, дипломатиялық деңгейде жанжал тудырып жатады. Тыңшылықтың өзі өнеркәсіптік, әскери, т.б. бөлінеді. Әскери тыңшылықтың мақсаты белгілі, ал өнеркәсіптік тыңшылық қандай да бір елдің өнеркәсіптегі технологиясын қолды қылу, т.б. жатады.

kodeksy-kz.com дерек көзінен:

ҚР Қылмыстық Кодексi
176-бап. Тыңшылық

Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер бұл іс-әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса, – 

он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Уикипедия ашық, электронды энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Тыңшылық (орыс. шпионажнем. spahen — ізіне түсу) — өзін жіберген мемлекет, шетелдік ұйым үшін басқа мемлекеттің әскерисаяси-экономикалық негіздерінен құпия мәліметтерді жинау, ұрлау және бүлдіру, жою әрекеттерін жасаушылық, қолға түсірген мәліметтерді шет мемлекеттер агентурасына беріп отыру істерімен айналысатын қауіпті қылмыстық жұмыстар жүргізушілік.[1] 

0 пікір
Мұрағат