Тауықты торға қамап ұстауға тыйым салынады
Тауықты торға қамап ұстауға тыйым салынады
2 жыл бұрын 2227 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл қадамымен Израил әлемдегі жұмыртқалайтын тауықтарға арналған торларды пайдалануға тыйым салған алғашқы елдердің бірі болайын деп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Israel National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жаңа ереже талаптары жұмыртқалайтын құстарды асыраудың шарттарын реттейді, яғни, белгілейді, осылайшы құс өсіруді әлемдік стандарттарға сәйкестендіретін болады. Сондай-ақ, аталмыш ереже тор жүйесінен бас тартудан бөлек, тауық тұмсығын кесу, балапандарға ұдайы күтім жасау, т.б. талаптарды қамтиды. Бұл ережеге сәйкес әрбір жаңа қора торсыз болуы керек, ал 2037 жылдан бастап тауықтарды торда ұстау құқық бұзушылыққа жатқызылады. Ұзартылған өтпелі кезең жұмыртқа өндірісімен айналысатын шаруашылықтарға міндетті өзгерістерге дайындалуына мүмкіндік беру үшін белгіленіп отыр. Мұндай ереженің Израилдег маңызы сонда – аталған елде жұмыртқалайтын тауықтардың 93% -ында әртүрлі торлар бар. Қолданыстағы қоралардағы тауықтар үшін өтпелі кезеңде тауық қора аумағы 600-750 см (өтпелі кезең тауықтар үшін де 350 см белгіленеді) болуы тиіс. Бұдан бөлек, жұмыртқалайтын тауықтардың күтіп ұстау талаптары жетілдіріледі, атап айтқанда, тауық қораны желдету, тазалық талаптарын сақтау жарықтандыру, т.б.) талаптары қамтылады. Ал жауапкершілікке келсек, құжатттарды ресімдеу мен есеп жүргізуде қасақана бұрмалау орын алса, айыппл салынады әрі тауықтарға қолайсыз жағдай тудырғандар алты айға дейін абақтыға жабылды.

Ұқсас материалдар:

«Ауыл шаруашылық жануарларын торға қамауға тыйым салынады» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyl-sharuashylyq-januarlaryn-torga-qamauga-tyiym-salynady-15441/#gsc.tab=0);

"Жануарлар да өз мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыра алатын қабілетке ие болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlar-da-oz-madenieti-men-dasturin-qalyptastyra-alatyn-qabiletke-ie-bolyp-shyqty-15086/#gsc.tab=0);

"Жануарларды азаптағандар енді заң алдында жауап береді" (https://islam.kz/kk/news/alem/januarlardy-azaptagandar-endi-zan-aldynda-jauap-beredi-9321/#gsc.tab=0);

"Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tajiribe-jurgiziletin-maimyldar-tapshylygy-artyp-keledi-15230/#gsc.tab=0);

«Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jyl-saiyn-tajiribe-barysynda-100-mln-dai-januar-galymdardyn-qolynan-oledi-15141/#gsc.tab=0);

"Тағы бір елде жабайы жануарлар саудасына тыйым салынды" (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-elde-jabaiy-januarlar-saudasyna-tyiym-salyndy-13902/#gsc.tab=0);

"Циркте жануарларды пайдалануға тыйым салады" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsirkte-januarlardy-paidalanuga-tyiym-salady-4796/#gsc.tab=0);

"Тағы бір ел жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салды" (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-januarlardyn-tsirkte-oner-korsetuine-tyiym-saldy-12305/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат