Табиғатқа қарсы қылмыстың жолын кесудің заңдық түсіндірмесі
Табиғатқа қарсы қылмыстың жолын кесудің заңдық түсіндірмесі
3 жыл бұрын 2004 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың жоғарғы сот органы жабайы жануарларға қарсы баытталған  қылмыстың жолын кесу бойынша жаңа сот түсіндірмесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде қытайдың Синхуа ақпарат агенттігіне жөн сілтеген regnum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта соттың ықпалы жабайы жануарламен байланысты барлық қылмыс тізбегін қамтитын болады: браконьерлік пен тасымалдаудан бастап, өңдеу мен сатуға дейінгі аралықтағы тізбек назарға алынып отыр. Аталмыш құжатты Қытайдың жоғарғы халық соты мен Қытайдың халық прокуратурасы бірігіп жариялады. Ендігі жерде жаңа ереже талаптарына сәйкес браконьерлер аулаған жабайы жануарларды сатқан адам да, сатып аған адам да қылмысты жасырғаны үшін қылмыскердің сыбайласы ретінде жауапкершілікке тартылады. Браконьерлік, жабайы жануарларды тұтыну үшін тасымалдау және сатумен байланысты қылмыстар туралы баптар қосылған Қылмыстық кодекстің соңғы редакциясын қолданысқа енгізу мақсатында жаңа құжатта мұндай қылмыскерлерді жазалаудың стандарттары егжей-тегжейлі көрсетілген.

0 пікір
Мұрағат