Священниктерге не көрінген: бала шоқындыру ғұрпындағы шектен шыққан дөрекелік қоғамның наразылығын тудырды (видео)
Священниктерге не көрінген: бала шоқындыру ғұрпындағы шектен шыққан дөрекелік қоғамның наразылығын тудырды (видео)
5 жыл бұрын 4677 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясындағы Ленинград облысына қарасты Гатчин епархиясының архиерейі федералды заңнаманы бұзғаны үшін прокуратураның қырына іліккен болатын. Священник баланы шоқындыру ғқрпында тек Ресей заңнамасын бұзып қоймай, кәмелет жасына толмағандарға қатысты халықаралық құқықты белден басқан. Ең сорақысы, христиандардың киелі саналатын шоқындыру ғұрпына нұқсан келтіріп, епрахия атына кір келтірді.. Жанжал интернетте жарияланған аталған епархиядағы баланы шоқындыру ғұрпындағы игумен Фотий пірәдардың дөрекелігіне қатысты өрбіген еді. Бір жастағы баланың шырқырап жылағаны мен баланың туған-туысқандарының наразылығына қарамаған әрекеті Ресей қоғамын дүр сілкіндірді. Пірәдардың бұл дөрекі әрекеті заң орындарының назарын өзіне аударған болатын. Анасы священниктің қолынан баласын алуға талпынғанымен ол әрекетінен түк шықпады. Анасының айтуынша, осы ғұрыптан кейін, дәлірегі, игуменнің дөрекі әрекетінен соң баланың бойында көгерген іздер қалып қойған, ең сорақысы – бала шошынып, су көрсе аза бойы қаза болатын күйге жеткен. Заң орындары араласпағанда жабулы қазан жабулы күйінде қалар ма еді, аталмыш епархия игуменді бір жылға қызметінен шеттетті. Бұл тақырып таңсық емес, священниктердің сорақы әрекеттері туралы бірсыпыра жазған болатынбыз: «Баланы жылатқан... пірәдар» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/balany-jylatqan-piradar-video-10427#gsc.tab=0),  «Инквизацияға, орта ғасырға тартқан дегредация: "Семіздер жұмаққа кірмейді"» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/inkvizatsiyaga-orta-gasyrga-tartqan-degredatsiya-semizder-jumaqqa-kirmeidi-12103/#gsc.tab=0).  Әлі оң мен солын танымайтын баланы суға қой секілді тоғытқан қарадүрсін әрекетімен-ақ епархияның абыройын айрандай төкті. 

 

 

0 пікір
Мұрағат