Саудиялық студент инновациялық жобасы үшін жүлделі орынға ие болды
|
Дана әл-Айап есімді саудиялық студент Малайзияда өткен ITEX 2024 халықаралық инновация мен технология көрмесінде алтын төсбелгімен марапатталды. «Биомассадан алынатын фурфуралды гидрлеуге» бағытталған инновациялық жобасы үшін. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиялық дарынды студент қолға алған жобаның мақсаты тұрақты әрі таза отын түріне табуға саяды. Оның ғылыми ізденісіне отбасы мен Қасым провинциясының білім беру басқармасы қолдау көрсеткен. Дананың жаңалығы Сауд Арабиясының тауларында өндірілген цеолит негізіндегі катализаторды пайдалана отырып, биоотын алу үшін фурфуралды гидрлеуге қатысты. Көміртегі мен сутегін зерттеу орталығына айналған корол Фахда атындағы мұнай мен минерал университетінің де қолдауының арқасында Дана толағай жетістікке қол жеткізіп, жүлдеге ие болып отыр.