Саудиялық дизайнер құрмадан жасанды былғары жасайтын машина ойлап тапты
Саудиялық дизайнер құрмадан жасанды былғары жасайтын машина ойлап тапты
7 ай бұрын 788 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ламис әл Фадал есімді жас дизайнер зақымдалған құрма мен оның қалдықтарынан экологиялық таза жасанды былғары парақтарын шығаратын Qitmeer машинасын жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтегенislamosfera сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Qitmeer - ханшайым Нұр бинт Әбд әл-Рахман университеті түлегінің дипломдық жобасы болды. Ғылымға, шығармашылыққа және адамдардың әлеммен қарым-қатынасын қалыптастыруға ден қойған Ламис әл Фадал дизайнға деген ынта-ықыласын тапқанға дейін бірнеше академиялық саланы зерттеді. Ол дизайн өнерінің инновациялық жаңалықтарға бастайтын, түрлі пәндерді үйлестіретін сала екенін баса айтты. Оның дизайн арқылы жасыл болашақты құруға деген талпынысы өз кезегінде дипломдық зерттеу жұмысын Сауд Арабиясындағы былғары өнеркәсібіне арнауға итермеледі. Ол елдегі екі негізгі өндірістік проблеманы байқады: былғары өңдеуден болатын химиялық ластану және құрманың ысырапқа ұшырауы. Qitmeer аппараты құрмаларды ұнтақтау, оларды қоспалармен араластыру, содан кейін қалыптарға құю арқылы жұмыс істейді. Кептіру процесінен кейін парақтар боялады. Жасанды былғары өндіру үшін талшықтар қажет. Оны құрмадан алды. Ол болашақты құру бағытындағы басты құндылық ретінде экологияны атады. Qitmeer құрылғысы өткен қарашада Итрде өткен Tanween түлектерінің көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл көрмеде араб әлеміндегі колледж бен университет түлектерінің дизайн және сәулет өнері бойынша ең көрнекті жұмыстары қойылды.

About Her

0 пікір
Мұрағат