Сарапшылар Ауғанстандағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолын айтты
Сарапшылар Ауғанстандағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолын айтты
6 жыл бұрын 3706 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауған жеріндегі талай жылға созылған соғысты тоқтату үшін АҚШ пен РФ арасындағы бейбіт келісім жетіп жатыр. Бұл жайында Ауғанстан ұлттық ассамблеясының ішкі қауіпсіздікке жауапты комиссия мүшесі әрі Бағлан провинциясынан сайланған депутат Делауар Аймақ мәлім етті. "Бұған қол жеткізу қиын, десе де АҚШ пен Ресей өзара келісімге келсе, Ауғанстанда бейбітшілік орнайды",- деді саясаткер. Оның айтуынша, Ауғанстандағы соғыстың тоқтауына АҚШ тарапы мүдделі емес, өйткені, бұл елде әскери контингентін қалдыруға орынды желеу таппайды. АҚШ-тың Ауғанстаннан кетпеуінің себебі Орта Азия елдеріне ықпалын жүргізу мақсатында жатыр. "Бір қарағанда ауғандар соғысып жүргендей болғанымен шын мәнінде соғыс АҚШ пен Ресей арасында жүріп жатыр",- деді ол сөзінің соңында. 

0 пікір
Мұрағат