Қытайдың басты проблемасы...
Қытайдың басты проблемасы...
6 жыл бұрын 8818 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда миллиардтан асатын тұрғындарын жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз ету Қытай билігінің бас ауруына айналған. Елдің басты проблемасын шешу үшін жатпай-тұрмай кез келген алдыңғы қатарлы технологияның көмегіне жүгініп, түрлі экономикалық шараларды қолға алып жатыр. Мәселен, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты әлемдік рейтингте (Global Food Security Index) 2015 жылы Қытай 109 елдің ішінде 41-ші орынға табан тіреген екен. Оның өзі Африканың артта қалған елдері есебінен. Қытай үшін азық-түлік тапшылығына жол бермеудің екі жолы бар: біріншісі, ішкі ауыл шаруашылық секторын дамыту, екіншісі - өзге елдердің ауыл шаруашылығына инвестиция құю. Біріншісіне келсек, су тапшылығы мен құнарлы жер тапшылығы бөгет жасап отыр. Экономикалық өсу және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның болжамы бойынша 2020 жылға қарай қытайлар жиі тұтынатын күріш түсімі 1,7%-дан аспайды, яғни, 512 млн тоннадан аспайды әлем бойынша. Өткен 20 жыл ішінде Қытайдың ішкі азық-түлік тұтыну көрсеткіші 3 пайыздан 17%-ға дейін артқан, яғни, жыл сайын орташа есеппен 1,5-1,8%-ға артып отыр. Алдағы бес жылда жыл сайын қалалық жерлерге 100 млн қытай қоныс аудармақ. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығымен айналысатындардың қарасын күрт азайтады. 2016 жылғы мәлімет бойынша шетелдік аграрлық секторға Қытай тікелей құйған инвестиция мөлшері 1 трлн доллардан асып кеткен. Осы мақсатта Аргентинадан 234 мың гектар жерді жалға алған. Жалғыз Аргентиа емес, Танзаниядан 7 мың гектардан аса жерді, Камеруннан 10 мыңнан аса жерді жалға алып отыр. Зимбабеде 100 мың гектар жерді жүгері өсіру үшін жалға алып отыр. Биолологиялық отын үшін Конгодан 2,8 млн гектар, Замбиядан 2 млн гектар жерді жалға алып отыр. 

0 пікір
Мұрағат