Қытайдағы көлік кептелісі 10 шақырымға созылды
Қытайдағы көлік кептелісі 10 шақырымға созылды
10 жыл бұрын 4453

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Жаңа жыл мерекесін туған-туыстарымен қарсы алу үшін жеке көліктерімен жолаушылаған бейжіңдіктердің көлік кептелісі 10 шақырымға созылған. Қытайда жаңа жыл мерекесі ақпан айының соңғы күндерінде мерекеленеді.

Қытай астанасына кіре берістегі барлық автомагистраль көлікке лық толған. Тым сығылысып жүрмек болып, бірін-бірі сызып кеткен, жол апатына түскендер қозғалысты одан әрі қиындатуда.

Бин Лю, Бейжің тұрғыны:

- Қозғалмай тұрғанымызға 1 сағаттан асты. Ана жақта не болғанын білмеймін, амал жоқ шыдап отырмын.

Ұзақ жолдан жанармайы таусылып қалғандар стансада сағаттап отыруға мәжбүр. Тек бір колонкаға 70-тен астам автокөлік кезекке тұрған. Жанармай құятын жердің жұмысшылары да тоқтаусыз қызмет көрсетуде. Қанша көлік қаптап кетсе де, бензин тапшылығы болмайтындығын алға тартады мамандар.

Янь Сяофень, жанармай құюшы:

Негізі күніне 200-300 көлікке жанармай құятынбыз. Бүгін, меніңше, мың шақтысына қызмет көрсететін шығармын. Көлік жүргізушілері алаңдамасын, жанармай бәріне жетеді.

Қытай көлік министрлігінің мәліметі бойынша, мереке күндері автожолдармен 60 млн жолаушы жүреді екен. Бұл кездері жылдам жүруге рұқсат етілген ақылы жолдардағы қозғалыс та тегін болады.

0 пікір
Мұрағат