Қылмыстық жолмен жиналған дүние-мүлікті сотсыз тәркілеуге рұқсат ететін заң қабылданды
Қылмыстық жолмен жиналған дүние-мүлікті сотсыз тәркілеуге рұқсат ететін заң қабылданды
5 жыл бұрын 3960 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Армения парламенті бейсенбіде қылмыстық жолмен жиналған дүние-мүлікті сотсыз тәркілеуге мүмкіндік беретін заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, «Заңсыз жолмен табылған дүние-мүлікті тәркілеу туралы» заңға 99 депутат дауыс берсе, біреуі қарсы шыққан, 15-і қалыс қалған еді. Аталған елдің әділет министрі Рустам Бадасянның айтуынша, заң жобасында прокуратура құрылымында осы іспен айналысатын тиісті орган құру әрі заң тұрғысынан ақтап алуға келмейтін әрекеттермен жиналған немесе табылған дүние-мүлікті мемлекет пайдасына өндіріп алуға мүмкіндік беретін азаматтық сот өндірісінің жаңа ережесін бекіту қарастырылған. Парламент тарапынан көпшілік дауыспен мақұлданған аталмыш заң талаптарына сай заңсыз жолмен жиналған дүние-мүлік 50 млн драмнан (102,8 мың доллар) асқанда тәркіленеді. Армения әділет министрлігі мұндай құқықтық тетікті қамтамасыз ететін тәжірибе халықаралық нормаларға қайша емес әрі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.

0 пікір
Мұрағат